Сабақ тақырыбы Еркін электромагниттік тербелістер



Дата06.01.2022
өлшемі37,27 Kb.
#14483
түріСабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3В бөлім – Сақталу заңдары



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Еркін электромагниттік тербелістер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.4.1. тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау

Сабақ мақсаттары

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер жайлы түсінік беру;

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.




Бағалау критерийлері

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер жайлы түсінеді;

  • еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулерін есеп шығаруда қолданады.




Тілдік мақсаттар

 Пәндік лексика және терминология

Период, индуктивтілік, сыйымдылық


Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері 

Мен маятниктің периоды …. тәуелді деп ойлаймын.

Мен тәжірибені өлшем арқылы …. орындайтын боламын.

Мен … тұрақты сақтаймын және…. өзгертпеймін.

Тәжірибе……….арқылы жетілдірілуі мүмкін.


Құндылықтарды дарыту



Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.

Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық



Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland тақырып бойынша тапсырмалар орындау.

Бастапқы білім


Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу «Кездейсоқ таңдау»



«Миға шабуыл» (4  минут)

  1. Тербелмелі контур дегеніміз не?

2.   Идеал тербелмелі контурды қалай түсінесің?

3.   Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістерді сипаттап бер?

4.   Еркін тербелістер дегенді қалай түсінесіңдер?

5.   Гормоникалық тербелістер жайлы не білеміз?

6.   Тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі жайлы не білеміз?

Кері байланыс: оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы

Бағалау: «Мадақтау» арқылы




Сабақтың ортасы

ІІ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы



Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

 

 

 

 

2

Міндетін атқару

 

 

 

 

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

 

 

 

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.



ІІІ. Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»

VІ. Жеке жұмыс «Есептер шығару» (10 минут)

1.      Индуктивтілігі 0,1 Гн катушка мен сыйымдылығы 2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелісінің периодын табыңдар?

2.      Индуктивтілігі  0,04 Гн болатын тербелмелі контурдың ерікті тербелістерінің жиілігі 800 Гц. Осы контур конденсаторының сыйымдылығы қандай?

V. Деңгейлік есептер. Топтық жұмыс

І нұсқа


  1. 6 секунд ішінде материалық нүкте 12 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?

  2. Ұзындығы 0,5 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

  3. Контурдағы конденсатор сыйымдылығы 200 мкФ, тербеліс периоды 1с. Контурдың индуктивтілігін анықтаңдар?

ІІ нұсқа

  1. Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің қатаңдығын анықта.

  2. Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

  3. Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.






Сабақтың соңы

2 минут
3 минут



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Тақырыбы: «Менің сабақтығы көңіл күйім!»

Мақсаты: Сабақтағы оқушылардың көңіл күйін анықтау.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға стикерлер ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Тақтаға өз көңіл күйін білдіру үшін стикерлер жапсырылады.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға үй тапсырмасын береді.



Қосымша 5

Қосымша 6


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне және деңгейіне сәйкес құрылды.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және есеп шығарудағы өздік жұмысы бағаланады


Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік техникасы түсіндірілді.

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім мен есептер шығару арқылы ОМ жетті деп есептеймін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушылардың топпен жұмысы


2: Өз өздерін әділ бағалау білуі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Деңгейлік тапсырмаларды көбірек беру.


2: Тақырып ашылу үшін өмірмен байланысты тәжірибелер қолдану.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

  1. Сабақта тереңдетілген дидактикалық тапсырмаларды көбірек қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет