Сабақ тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері



бет1/5
Дата09.05.2022
өлшемі21,7 Kb.
#33810
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Исабай Ерсұлтан

1 практикалық сабақ тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.



Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.

Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді.Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізген болатын, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократбіз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы еді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет