Сабақ тақырыбы: Геометриялық пішіндер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата21.10.2022
өлшемі14,53 Kb.
#44695
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларға пішіндер жайлы түсінік беру, пішіндерді ажырата білуге үйрету
Түзете – дамытушылық: есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, педагогпен жақсы қарым - қатынасқа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жеке және топтық
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекі құралдары: видео - ролик, түрлі - түсті қамыр, магнитті құрастырғыштар, геометриялық пішіндер(шаршы, шеңбер, үшбұрыш), тақтайшалар, геометриялық оймақтар, текше.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Негізгі бөлім
Балаларға геометриялық пішіндерді видео ролик арқылы таныстыру.
- Бұл балалар – пішіндер. Мынау – үшбұрыш. Үшбұрыштың үш бұрышы және үш қабырғасы болады. Қане, бұрыштарын санайықшы. Үшбұрыш неге ұқсайды? - үйдің шатырына, шыршаға ұқсайды.
Бұл – шеңбер. Шеңбердің бұрыштары жоқ. Шеңбер неге ұқсайды - допқа, алмаға, күнге.
Бұл – шаршы. Шаршының төрт қабырғасы және төрт бұрышы болады. Қане, бұрыштарын санайықшы. Неше бұрышы бар екен? – төрт бұрышы бар.
Шаршы неге ұқсайды - есік, терезе, тақта, кітап т. б.
• «Тәтті печенье» ойыны
Ойынның мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, сенсорлық қабілетін арттыру.
Ойынның шарты: балалар түрлі - түсті қамырлардан пішіндерді ойып,
печенье жасау.
Сергіту сәті
Видео - ролик арқылы балаларды сергіту
• Магнитті құрастырғыштармен жұмыс
Тапсырма мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ойлау қабілеттілігін арттыру
Тапсырма шарты: магнитті құрастырғыштарды бір - біріне жабыстыру арқылы геометриялық пішіндерді жасау
• «Көңілді пішіндер» қимыл қозғалыс ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа үйрету,
Ойынның шарты: педагог пішіндердің суреті белгіленген текшені лақтырады, текшеде қандай пішіннің суреті түссе балалар сол пішінді орындықтарға жылдам барып отырады.
Қорытындылау: балаларды мақтап, мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет