Сабақ тақырыбы: Графиктік нысаналарды құралдар мен фильтрді қолдану арқылы тұрғызу Сабақ түрі: Жаңа сабақ



Дата07.01.2022
өлшемі119,31 Kb.
#18305
түріСабақ


Пән: Информатика


Сабақ тақырыбы: Графиктік нысаналарды құралдар мен фильтрді қолдану арқылы тұрғызу

Сабақ түрі: Жаңа сабақ


Сабақтың

мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға  графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру 

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу


САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ


Сабақтың көрнекілігі: компьютер,жеке тапсырмалар жинағы. 

Сабақты жүргізу кезеңдері


I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, кабинеттің санитарлық жағдайын тексеру, білім алушыларды тізім бойынша түгендеу.

II. Жаңа материалды баяндау

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Графиктік мәліметтерді екі топқа бөледі: 

1. Векторлық

2. Растрлық

Векторлық мәліметтер түзу, тіктөртбұрыш, қисық және осылардың негізінде, кілттік нүктелерді сандық түрде анықтау арқылы жасалына алатын кез келген басқа объектілерді ұсынуға қолданылады. Программа кілттік нүктелерді біріктіру арқылы сызықтар шығарады. Векторлық мәліметтермен атрибуттар туралы мәлімет және келісімдер топтасуы әрқашан байланысады. Келісімдер белгілі және белгісіз болып беріле алады, бірақ олар программаға тәуелді.

Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады, және соңғы нүктелер термесі (набор) беріледі.

Растрлық мәліметтер – бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.






III. Жаңа материалды бекіту кезеңі

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  2. Компьютерлік графиканың түрлері қандай?

  3. Графикалық файлдардың форматтары қандай?

  4. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?




IV. Бағалау кезеңі

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеруіне, тапсырмаларды орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.

V. Үй тапсырмасы

/7/ 99 бет графикалық редактор




Оқытушы: ___________ Нұртаза І.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет