Сабақ тақырыбы: Хаттама стектерінің түрлері. Тср/ір хаттамасының стегі



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі30,37 Kb.
#14501
түріСабақ
  1   2

Курс тақырыбы: 1.2 Желі топологиясның ажыратады

Сабақ тақырыбы: Хаттама стектерінің түрлері.

1. Хаттама стектерінің түрлері.

2. ТСР/ІР хаттамасының стегі

3. IPX/SPXхаттамасының стегі



Протокол — бұл негізгі процедураларды, алгоритмдерді және әсерлесу форматтарын қамтитын есептеуіш желі обьектілерінің өзара әрекетесуінің әдістері мен ережелерінің жиынтығы. Протоколды процедураларды орындауды әдетте арнайы программалар басқарады, арасында аппараттық құрылғылар басқарады. 

TCP/IP стегінің құрылымы. Деңгейлердің қысқаша сипаттамасы.

Деңгеилердің қысқаша мінездемесі - Көптеген хаттамалар ішіндегі ең белгілері:

Transmission Control Protocol/Internet Protocol {TCP/IP) - әртүрлі ортада байланыс орнатуды, яғни, әртипті компьютерлердің үйлесімділігін қаматамасыз ететін өнеркәсіптік стандартты хаттамалар жиыны. Үйлесім-ділік - ТСР/ІР-дің негізгі артықшылығы, сондықтан да көптеген жергілікті желілер оны қолдайды. Сонымен қатар, TCP/IP Internet ресурстарына кіру мүмкіндігін береді, бір өнеркәсіп келемінде бағыттауыш хаттама болып табылады.

  • TCP/IP бағытгауыш хаттама болғандықтан, желіаралық хаттама ретінде қолданылады. Басқа TCP/IP тобына жататын хаттамалар қатарына;

  • SMTP {Simple Mail Transfer Protocol) - әлектрондық пошта;

  • FTR {File Transfer Protocol) - TCP/IP қолдайтын компьютеррлер ара-сында файлдар алмасу; 

  • SNMP {Simple Network Management Protocol) - желіні басқару.ТСР/ІР-дің өлшемі және жылдамдығының төмендігі сияқты екі негізгі кемшілігі бар. TCP/IP салыстырмалы түрде үлкен хаттамалар стегі бол-ғандықтан, MSDOS программалары үшін проблемалар тудырады. Бірпіі Windows NT или Windows 98 сияқты операциялық жүйелер үшін жылдам дық пен өлшем үлкен проблема емес. 

TCP/IP стегі DoD стегі және Internet стегі деп те аталынады. TCP/IP стегі коммуникациялық хаттаманың ең кең таралған және перспективалы стектерінің бірі. Қазіргі уақытта ол негізінен OS UNIX бар желілерде таралған, ал оның персоналды Компьютерге арналған желілік операциялық системаларының (Windows NT, Network) соңғы версияларында жүзеге асырылуы TCP/IР стегінің қондырғылар санының көбеюіне қолайлы жағдай болып табылады.

Осыдан 20 жыл бұрын әкспериментальды ARPAnet желісінің басқа сателлитті желілермен байланысын орнату үшін әр алуан есептеуіш ортаға арналған жалпы хаттаманың жиыны ретінде бұл стег АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің иннциативасымен жасалған. ARPA желісі әскери салалардағы зерттеушілерді қолдаған. ARPA желісіндегі 2 компьютердің арасындағы байланыс осы күнге дейін TCP/IP стегінде негізгі болып табылады және стек атауында көрінетін Internet Protocol (IP) хаттамасының қолданылуымен жүзеге асады.

Өзінің OS UNIX версиясында стек хаттамаларын қолданған Беркли университеті TCP/IP стегінің дамуына үлкен үлес қосты. OS UNIX-тщ кең таралуы IP хаттамасы және стектің басқа хаттамасының да өріс алуына әкелді. Осы стекте халықаралық ақпараттың желі Internet жұмыс істейді және оның Internet Engineering Task Force (IETF) бөлігі RFC спецификациясы түрінде жарияланатын стек стандарттарын жетілдіруде негізгі көмек көрсетеді.

TCP/IP стегі ISO/OSI ашық жүйесінің өзара қарым-катынас моделі пайда болғанға дейін қалыптасқандықтан және оның құрылымы көп деңгейлі болғанымен, TCP/IP стегі деңгейлерінің OSI моделі деңгейлерінің сәйкестілігі шартты түрде болып тұр.

TCP/IP протоколдарының құрылымы. ТСР/ІР протоколдары 4 деңгейге бөлінеді

Ең төменгі 4-ші деңгей - OSI моделінің физикалық және каналдык деңгейлеріне сәйкес желіаралық интерфейстік деңгейі. Бұл деңгейдің тәртібі TCP/IP хаттамасында белгіленбейді. локальды каналдар үшін Ethernet Token Ring FDDI, глобалды каналдар үшін аналогты бір жерге жинайтын және SLIP/PPP белгіленген линияларда жұмыс істеудің меншікті хаттамалары, олар нүкте-нүкте типтес байланысты глобалды желінің жүйелі каналдары және ISDN мен Х.25 территориялық желінің хаттамасы арқылы кұрылады. ATM технологиясын каналдық деңгейдегі транспорт ретінде қолдануын аныктайтын арнайы спецификациясы жасалады.

Келесі 3-ші деңгей - әр түрлі локальді желілерді, Х.25 территориалдық желілерін. арнайы байланыс линиясын және т.б қолдану аркылы дейта-граммаларды тасымалдаумен айналысатын желі аралық байланыс деңгейі. Стекте желілік деңгейдің негізгі хаттамасы ретінде алғашында көп локальді желілерден тұратын, сондай-ақ, локальді және глобальді байланыстармен біріккен құрамдық желілердегі пакеттерді тасымалдауға жасалған IP хатамасы қолданылады. Сондықтан IP хаттама¬сы жүйе тармақтарын рационалды қолдай отрырып және жылдамдығы төмен байланыс линиясының өткізгіш қасиетін әкономды тұтынып, топологиясы күрделі желілерде жақсы жумыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет