Сабақ тақырыбы: ІІІ бөлім. Махаббат және абырой. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің жанрлық ерекшелігі


Бауыржан Момышұлының тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармаларының бірі-”Ұшқан ұя”



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі98.92 Kb.
#62766
түріСабақ
1   2   3

Бауыржан Момышұлының тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармаларының бірі-”Ұшқан ұя”

“Ұшқан ұя” повесі мемуарлық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанымен, ол проза деңгейіне көтерілген ұлттық сипаттағы нағыз көркем туынды. “Ұшқан ұя” еңбегін ұлттық салт-дәстүрімізді көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе-Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардың өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.

"Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі

  • "Ұшқан ұя" повесіндегі образдар жүйесі
  • Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
  • Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.
  • Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.
  • Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
  • Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
  • Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.
  • Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.
  • Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.

Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. 

  • Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. 


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет