Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы


Гликогеннің синтезделуі мен ыдырауы



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата25.10.2022
өлшемі0.98 Mb.
#45260
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Гликогеннің синтезделуі мен ыдырауы 
 
Гликоген жан-жануарлардың көмірсуларды қор ретінде жинайтын 
формасы. Ол бауырда дене массасының 6% дейін, ал бұлшық етте 1% (300гр) 
құрайды. 
Бауыр 
гликогені 
қандағы 
гликозаның 
физиологиялық 
концентрациясын, әсіресе тамақтану арасында қалыпты мөлшерде ұстап 


тұруға жұмсалады. Бұлшықет гликогені қандағы глюкоза мөлшерін сақтауға 
қатыспайды. Ол бұлшықеттің өзінде гликогенезге жұмсалады. Гликогеннің 
бауырдағы мөлшері өзгеріп тұрады. Тамақтанғаннан кейін 12-18 сағаттан 
соң, бауырдағы гликогеннің қоры азаяды, сондықтан организмді глюкозамен
қамтамасыз 
ету 
глюконеогенез 
реакциялары 
арқылы 
жүреді. 
Глюконеогенез - дегеніміз глюкозаның табиғаты көмірсу емес заттардан 
(пирожүзімқышқылы, сүт қышқылы) синтезделуі. Гликогеннің синтезі 
гликогеногенез - деп аталады.
Гликогеногенез үш сатыдан тұрады: 
1.Глюкозаның активті формасы түзіледі (УДФ – гликоза). 
2. Гликоген тізбегі 1,4-0- гликозидті байланысты түзіп ұзарады. 
3.Гликоген тізбегінің тармақталуы, яғни α-1,6-0-гликозидті байланыстардың 
түзілуі. 
 
Глюкозаның активті формасының түзілуі. 
1.Глюкоза АТФ молекуласы үлесінен фосфорланып глюкозо – 6 –фосфатқа 
айналады. Бұл реакция бұлшықетте гексокиназа ферментімен, ал бауырда 
гликогеназа ферменттің қатысуымен өтеді. 
2.Фосфоглюкомутаза ферментінің әсерінен глюкозо-6-фосфат глюкозо-1-
фосфатқа айналады. 
3.Гликоген синтезінің шешуші реакциясы – глюкозаның активті формасының 
түзілуі болып есептеледі. 
4.УДФ-глюкозопирофосфорилаза ферментінің қатысуымен УДФ – глюкоза 
(глюкозо-1-фосфатуридилтрансфераза) және УТФ түзіледі. Реакция 
қайтымсыз, себебі пирофосфатаза ферменті әсерінен пирофосфат 2 молекула 
бейорганикалық фосфорға дейін ыдырайды. Түзілген УДФ-глюкоза гликоген 
синтезінің келесі реакциясына қажетті глюкоза қалдығының активті доноры 
және тасымалдаушысы болып табылады. 


Нуклеозиддифосфатсахарлардың бұл қызметі Новель сыйлығының 
лауреаты аргентиналық биохимик Л.Лелуармен анықталған болатын. α -1,4-
0-гликозидті байланыстың түзілуі үшін гликоген затравкасы (праймері), 
глюкозаның 8 қалдығынан құралған гликоген молекуласының тізбегі болуы 
қажет. Гликогенсинтетаза ферментінің әсерінен УДФ-глюкоза құрамындағы 
активтелген глюкозаның көміртегі (С), атомымен гликоген молекуласының 
тармақталған (сыртқы) ұшындағы редуцирленбеген глюкоза қалдығындағы 
Сγ атомы арасында гликозидті байланыс түзіледі. α-1,6-0-гликозидті 
байланыстың түзілуі үшін глюкоза қалдығы гликоген тізбегінің сыртқы 
ұшына жалғасады. Гликоген тармақтары 1,4-0-гликозидті байланыстардың 
түзілуі нәтежесінде біртіндеп ұзарады. Тармақталған тізбектің сызықты 
аймағындағы глюкоза қалдығының саны кем дегенде 11-ге жеткенде, 
фермент (амило/1,4/-/1,6/ - трансгликозидаза ферменті глюкозаның 6-7 
қалдығынан тұратын тізбегін тасмалдап, кезекті байланыспен сол тізбекке 
немесе көрші тізбекке жалғайды, осылайша молекулада тармақталу нүктесі 
пайда болады. Гликогеннің жаңа молекуласын синтездеу үшін гликогенин 
белогы қажет болады. Бұл белок бірмезгілде гликогенин жаңа тізбегі 
синтезделетін затравка қызметін атқарады, сонымен қатар, осы процесті 
катализдейтін ферментативті активтілікке ие. Гликонин – молекулалық 
массасы 37 кДа-ға тең бірдей екі суббірліктен құралған белок. Гликоген жаңа 
молекуласы синтезінің бірінші сатысында гликогениндегі (Тир
194
) тирозин 
қалдығына глюкоза молекуласы ковалентті жалғасады.Сонан соң гликогенин 
гликоген синтетазасымен берік комплекс түзеді және бірнеше келесі сатылар 
осы комплекстің ішінде өтеді. УДФ глюкозадан глюкоза қалдығының 
біртіндеп жалғасуы нәтежесінде 
синтезделуші тізбек
ұзарады. 
Гликогениннің гликозилтрансфераза активтілігі есебінен аутокатилитикалық 
реакция өтеді. 7 ден аса глюкоза қалдығы жалғасқанда синтезделуші тізбек 
ұзарады және гликогениннен бөлініп шығады. Гликогенсинтетаза және 
Уридиндифосфатглюкоза 
(УДФ-глюкоза)


браншинг-фермент гликоген молекуласын синтездейді. Гликогенин гликоген 
молекуласының бір рецирлеуші ұшымен ковалентті байланысып, молекула 
ішінде қалады. 
Гликогеннің ыдырауы – гликогенолиз деп аталады. Гликогенлиз екі 
жолмен жүреді: 
1.Гидролитикалық жол – бауырда γ амилаза ферменті әсерінен судың 
қатысуымен бос глюкозаға ыдырайды; 
2.Фосфорилитикалық жол - жануарларда гликогеннің негізгі ыдырау 
жолы болып табылады және фосфорилаза ферментімен катализденеді;
Гликогеннің фосфорилитикалық жолмен ыдырауы бірнеше сатыдан 
тұрады: 
1.Фосфорилаза ферменті гликогендегі 1,4-0-гликозидті байланысты 
гидролиздейді. Глюкоза қалдықтары гликоген молекуласы ұшынан бөлініп 
алынады, бұл тізбекте тармақталу нүктесіне γ глюкоза қалдығы қалғанша 
жүреді. 
2. α-1,4-1,6 глюкотрансфераза ферменті трисахарид фрагментін бір 
тізбектен екіншісіне ауыстырады, ал 1,6-гликозидті байланыс ашылды; 
3.1,6-0- гликозидті байланыстың гидролитикалық ыдырауы амило-1,6-
гликозидаза ферментімен жүзеге асады, нәтежесінде бір молекула глюкоза 
бөлініп шығады және гликогенфосфорилаза ферменті әсер ететін, глюкоза 
қалдықтарынан тұратын α-1,4-0-гликозидті байланыспен жалғасқан жаңа 
аймақ ашылады. 
4.Глюкоза -1-фосфаттан глюкозо-6-фосфат түзіледі. Бауырда глюкозо-6-
фосфаттан фосфор қышқылын бөліп алатын арнайы фермент-глюкозо-6-
фосфатаза болады. 
Осы ферменттің әсерінен түзілген глюкоза клеткадан қанға 
диффундирленеді және басым көпшілігі ми мен бұлшықетке сіңіріледі. Бұл 
қандағы 
глюкоза 
мөлшерінің 
жоғарылауына 
әкелетін 
бауырдағы 
гликогенолиздің соңғы сатысы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет