Сабақ тақырыбы Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу Cабақтың түрі



Дата06.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#12085
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат теңдеулер



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Cабақтың түрі

Білімді жалпылау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;

  • Квадрат үшмүшені әртүрлі тәсілдермен көбейткіштерге жіктейді.




Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;

  • Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;

  • Квадрат үшмүшені әртүрлі тәсілдермен көбейткіштерге жіктейді.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшенің жіктелуі жайлы ой-толғаулар жүргізеді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу есептерінің шешуін түсіндіреді.



Пәнге қатысты лексика және терминология:

Квадрат үшмүше, квадрат үшмүшенің түбірі, еселі түбір, квадрат теңдеу, бірінші/екінші коэффициент, босмүше, квадрат үшмүшені жіктеу, екімүшенің квадратын квадрат үшмүшеден бөліп алу.



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат үшмүшенің түбірі деп ...

Квадрат үшмүшенің түбірлерін табу үшін ...

Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болса, онда …

Егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда …

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге болмайды, егер ...




Құндылықтарды дарыту


Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Геометриямен байланыс геометриялық мазмұндағы есептерді шешу арқылы, сонымен қатар, «Алтын қима» ұғымын енгізу арқылы жүзеге асады.

Тарихпен/ ұлттық мәдениетпен байланыс нәтижесінде БАЙГА кілт сөзі алынатын тапсырма арқылы орнатылады. Бәйге сөзінің мағынасын оқушылар өздері түсіндіреді, ал мұғалім олардың жауаптарын тек толықтырады.


Бастапқы білім


Оқушылар бұрын квадрат үшмүше ұғымын оқып өткен, оның анықтамасын біледі және түбірлерін таба алады, квадрат үшмүшені оның түбірлерін табу, топтастыру және толық квадратты бөліп алу арқылы көбейткіштерге жіктей алады.

Білімді белсендендіру кезеңінде оқылған материалды қайталау жүргізіледі, ол квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу тапсырмалары арқылы тексеріледі.






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин


2- 6 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.


  1. Оқушылардың білімдерін белсендендіру.

Оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге бірнеше тапсырмалар ұсынылады, оларды орындау кезінде көбейткішке жіктеудің әртүрлі әдістерін атап өту керек.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар жауаптарын слайдтағы жауаптар бойынша өзін-өзі тексеру жүргізе алады. Көбейткіштерге жіктеудің сол немесе басқа әдісінің қолдануы жайлы мұғалім кейбір оқушыларды сұрайды.



Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4


Сабақтың ортасы

6-10 мин

10-16 мин

16-26 мин

26-30 мин

30-39 мин



  1. Геометриялық есепті шешу.

Оқушыларға квадрат үшмүше туралы білімдерін жаңа мәнмәтінде қолдану ұсынылады, дәлірек айтқанда геометриялық есепті шешуде:

Периметрі 20-ға тең болатын барлық тіктөртбұрыштардың ішінен ауданы ең үлкен квадрат болатынын дәлелдеңіз.

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды, есептің шешу барысын талқылайды. Осыдан кейін мұғалім сыныппен жалпы талдау жасайды, әрбір жұп өзінің ойлары мен шешімдерін ұсынады. Осыдан кейін есептің шешімі дәптерге жазылады.


4. «Алтын қима» ұғымымен байланысты есепті шешу.

Мұғалім квадрат үшмүшесінің түбірлерін тауып, оны көбейткіштерге жіктеуді ұсынады. Оқушылар тапсырманы өздері орындайды.



Осыдан кейін мұғалім оқушыларға теңдеуінің геометриялық мағынасын «Алтын қима» ұғымы арқылы айтады.

Алтын қима дегеніміз, ол кесіндінің тең емес пропорционал бөліктерге бөлінуі, мұндағы бүкіл кесінді ұзындығының үлкен бөлікке қатынасы үлкен бөліктің кіші бөлікке қатынасына тең; немесе басқа сөзбен айтқанда, кіші бөліктің үлкен бөлікке қатынасы үлкен бөліктің бүкіл кесіндіге қатынасына тең.





Алтын қиманың Ф саны (константа) периодты емес ондық бөлшек сан болып табылады Ф = 1,618…



Осыдан кейін мұғалім табиғатта кездесетін алтын қима жайлы оқушыларға түсіндіреді, келесі суретті көрсетеді:



5. Есеп шығару.

Оқушыларға «Квадрат үшмүше» тарауы бойынша әртүрлі тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс істейді, мұғалім оқушыларға кеңес беріп көмектесе алады. Қажет болған жағдайда кейбір тапсырмалар бүкіл сыныппен талқыланады. Оқушылардың жұмыстарын мұғалім бағалайды, оқушыларға кері байланыс беріледі.


6. Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға алгебралық бөлшектерді қысқартуға тапсырмалар ұсынады. Оқушылар жұпта жұмыс істейді, алынған жауаптар бойынша бос ұяшықтарды толтыра отыра олар кілт сөзді табады, содан кейін олар ол сөздің мағынасын түсіндірулері керек.

Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар презентация бойынша өздерін бағалайды.

Осыдан кейін мұғалім БАЙГА кілт сөзі бойынша қысқаша ақпарат береді.



Бәйге – орташа қашықтыққа жүргізілетін (3, 6, 9 км.) қазақ ұлттық атжарысы. Ең ежелгі және ең танымал жарыстардың бірі болып табылады. Бәйге барлық мейрамдарда өткізілген және барлық қатысам деушілерге қолжетімді болған. Қазақтың бәйгесі жазық жерде тұйық дөңгелек бойымен өткізілген.
7. Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады, ол квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдысын қалыптастыруға арналған, соның ішінде алгебралық бөлшектерді қысқартуға. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мұғалім оларға көмек көрсетпейді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жауаптарын және шешімдерін бағалайды, типтік қателерін белгілейді, 8.2.1.3 мақсатын бойынша оқушылардың жетістігін қорытындылайды. Критерийлер мен дескрипторлар қосымша 3 жазылған.



Презентация

Слайд 5

Презентация Слайд 6

Қосымша 1

Қосымша 2


Презентация слайд 9-10

Қосымша 3


Сабақтың соңы

    1. мин

8. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

• Бүгін мен білдім …

• Маған қызықты болды …

• Маған қиын болды …

• Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.
Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.


Презентация

Слайд 11


Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.



Өздік жұмыстың нәтижелерін қолдана отырып, 8.2.1.3 мақсатына жету бойынша мұғалім қорытынды жасайды.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет