Сабақ тақырыбы: Қоғамдық сана феномені: түрлері,құрылымы, мәні



бет7/8
Дата26.04.2022
өлшемі30.39 Kb.
#32297
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
5. К.Маркс: таптық қоғам.

Таптық қоғамдар деп марксизмде құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарды атайды. Ал алғашқы адамдар коғамында тап сияқты топтар болмаған, демек ол қоғамда қанаушылық та орын алмаған. Тап деп аталатын әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Коммунизм –бұл тапсыз қоғам. К. Маркстын нақты жөне терең зерттеген қоғамы капиталистік қоғам, оның әлеуметтік – таптық құрылымы. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап елеулі орын алады. Осы таптарды К. Маркс негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құл иеленуші қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар, капитализмде - буржуазия мен пролетариат. Осы таптардың арасында тап күресі үздіксіз жүріп отырады. Соның салдарында бір


тап жеңіліп екінші тап жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатынасқан
таптардың бәрі де жеңіледі, жеңіске баска бір жаңа тап ие болады. Бұл тап
күресінің заңдылығы, бүл заңдылық барлық елдерде орын алады делінген.

К.Маркстың әлеуметтік, таптық құрылым туралы концепсиясының көптеген позитивтік және негативтік жақтары да бар. К.Маркстың әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация туралы теориясы тарихта орын алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың бірі деп қарастыруымыз қажет. Ол теорияның өзіндік дұрыс жақтары аз емес. Мысалы, адам тарихында


орын алып келе жатқан бай тап пен кедейлер табының арасындағы тап күресін ешкімде бекерге шығара алмайды.

К. Маркс XIX ғасырдың ұлы ғалымы. Бірақ та, XX ғасырда көптеген


дүниеде ірі өзгерістер болды. Сондыктанда К.Маркстың теориясының біраз
принциптері, заман өзгерісіне байланысты ескіріңкіреп кетті. Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет