Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу



бет1/4
Дата16.02.2023
өлшемі61,99 Kb.
#68596
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:
- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі
Оқушылардың көпшілігі:
- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады
Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды

Бағалау критерийлері



Дағдылар

Жетістік критерийлері

Білу



Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі

Қолдану

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:
Ондық бөлшек, натурал сан, бөлу
Пайдалы сөз тіркестері:
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін...
Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін...

Құндылықтыр

Сабақ барысында академиялық шыншылдық пен сыйласымдылыққа басты көңіл бөлініп, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыруға, бағалауда сыни тұрғыдан қарауға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Сурет, технология, зоология.

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

І. Ұйымдастыру сәті. Үй тапсырмасын тексеру.
(мұғалім үйге берілген есепті оқушыларға дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді )
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақ сонында оқушылар:
- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі;
- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады 


Сабақтың ортасы
12 минут

10 минут


10 минут
5 минут

ІІ. :
1 есеп: Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0,5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0,4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4,3 кг.
Шешуі:
Екінші қораптың салмағын x –пен белгілесек, онда:
I қорап - x - 0,5
II қорап - x
III қорап – (x - 0,5) – 0,4
Төмендегідей теңдеу аламыз
x - 0,5 + x + (x - 0,5) – 0,4 = 4,3
Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз
3x - 0,9 = 4,3
3x = 5,7
Жаңа материалды игеру Мәселе туындайды, 5,7-ні (ондық бөлшек) 3-ке (натурал сан) қалай бөлеміз.
Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз, бөлудің қандай әдістерін біледі және олардың қайсысын қолдануға болады.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлудін, натурал санды натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 5 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз.

2-мысал. 2,45 : 7 = 0,35
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:
1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;
2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.
Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.
x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

яғни, x = 1,9 кг
Әр қораптың салмағын табамыз
I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг
II қорап – 1,9 кг
III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг
Жауабы:
I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет