Сабақ тақырыбы Қоршаған ортадағы ғимарат



Дата06.01.2022
өлшемі36,51 Kb.
#12849
түріСабақ

Пән: Көркем еңбек

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Сәулет



Мектеп: «№92 гимназия» КММ

Күні: 12.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Топыш.Ә.Б

Сынып: 3 «Б»


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортадағы ғимарат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сәулеттік объетілердің кейбір ерекшеліктерімен танысады;

Оқушылардың көбісі: Ғимараттың көлемді макетін әртүрлі тәсілдермен орындайды;

Оқушылардың кейбіреуі: Ғимараттардың көлемді пішіндермен эксперимент жасай отырып, ерекшеліктерін зерттейді;


Бағалау критерийлері

  • Жұмыс орның дұрыс ұйымдастырады;

  • Ландшафт элементтерін орындау барысында тәжірибелік дағдыларын көрсетеді (қияды, өлшейді, белгілейді).

Тілдік мақсаттар


Сәулетті ғимараттардың ерекшеліктерін сипаттайды,
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ландшафт дизайны туралы не білесіз?

  • Бұл нысандар саған нені елестетеді?

Неліктен … айта аласың ба?

  • …бұл түс осы нысанға сәйкес келеді ме?

… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме?

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд, бейнеролик.

Бастапқы білім

Қоршаған ортағы табиғи және сәулеттік элементтермен таныс (мүсін, сәндік гүлдер, күркелер және т.б.) туралы ақпаратпен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Өткенге шолу


  • Сәулет туралы не білесіңдер?

  • Ғимараттарды тұрғызып, жобалаған адамды қалай атайды?

  • Ғимаратты қызметіне қарай қалай ажыратуға болады?№

  • Ғимарат стилі дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

Жаңа тақырып бойынша слайд көрсетіліп оқушыларға сұрақтар қойылады:



  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

  • Суреттерде не бейнеленген? Ғимараттар бір бірінен несімен ерекшеленеді?

  • Ғимарат манайндағы бақшаны кім жобалайды? Олар қандай элементтерден тұрады?

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстырамын.




Сабақтың ортасы
10 минут

25 минут



Тапсырма№1:

Ландшафт элементтерімен танысу, талқылау

Оқушыларға ландшафт дизайны туралы бейнематериал көрсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=L4gs9ZmNK6s

Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру

сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ бұрышын құру.

Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек.

Оқушылармен ландшфтты дизайнның заманауи және тарихи аспектілерін талқылау, оларды салыстыру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

Оқушылардың назарын ландшафтты дизайнның түрлі элементтеріне назар аударту: субұрқақ, кіші архитектуралы және мүсіндеу пішіндері, газондар, гүлбақтар, көпірлер, қоршаулар және т.б.

Тапсырма №2

Ландшафт эллементтерін жасау жолдары

Оқушыларды ғимарат макеттерін орындау кезінде ландшафт элементтерін жасау техникаларымен және қажетті материалдармен таныстыру. Слайдтан және бейнероликтен көрсету.

Оқушылар ландшафт элементтерін макетте жасау әдістерін мұқият қарастырады, макетте сол бөлшектерді орындау үшін қажетті материалдарды анықтайды, өз ұсыныстарын айтады.

Тапсырма№3:

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға сол топтарында өз қамалдарының макеттеріне арналған ландшафттың дизайнын құруды ұсыну.

Оқушыларға жұмысты жылдамдату үшін сұрақтар қою:

• Қандай көгалдандыру қолданасыздар: ағаштар, шөптер, көгал, гүлдер, бұталар?

• Қандай элементтерді қоса аласыздар: мүсін, субұрқақтары?

• Қамалға барар жол қайда орналасады?

Оқушылар топта ланшафтты дизайнның қандай элементтерін жасайтынын анықтап, қандай материалдар қолданатындығы туралы талқылайды.
Оқушылар осы сабақта ландшафтты дизайнның элементтерін жасай бастайды. Уақыт жетіспесе оқушылар бұл жұмысты келесі сабақта жалғастырады.


Ландшафт дизанының басты элементтері:

Әртүрлі материалдардан жасалған ландшафт элементтері:

Қажетті материалдар:

әртүрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы, маркерлер мен қарандаштар.





Сабақтың соңы

2 минут


Бағалау

Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.



Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Бір-бірін бағалау.

Жетістік критерийлер бойынша бағалау.

Мұғалімнің байқауы.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Әдіскер: Рахимбаева. Т. Қ



Пән мұғалімі: Жакина. Б. А

Баға:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет