Сабақ тақырыбы: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні Күні: Мұғалімнің есімі



Дата31.03.2022
өлшемі197,33 Kb.
#29350
түріСабақ

Мектеп:

Сабақ тақырыбы:Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні



Күні:

Мұғалімнің есімі:


Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.2.1.1 нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсете алады



Көптеген оқушылар:

өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады.



Бағалау критерийлері

Ойлау деңгейлері

-адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды;

-табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды,

-глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады.


Білу, қолдану



Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

-адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды;

-табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды,



Тірек Сөздер:

-экология,экологиялық проблема






Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне ұжымшылдыққа, табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, компьютер, аудиожазба

Алдыңғы меңгерілген білім

Менің өлкемнің ауылшаруашылығы


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басталуы

5мин

Ортасы

30мин

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Оқушыларды түгендеймін, сынып тазалығына назар аударамын.

Көңіл-күйлерін сұраймын.
Үй тапсырмасын сұрау

«Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі арқылы үй тапсырмасын айтады
және шығармашылық тапсырмасын көрсетеді

Жаңа сабақ



Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен. (Су)
Отқа жанбас,

Суға батпас (Мұз)
Қуып едім мойным бұрмады,

Ұстайын деп ем қолға тұрмады. (Боран)

ҚБ: өте тамаша!
Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Дұрыс, Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні



Экологиялық проблема- адамның табиғат байлығын шектен тыс пайдалануы салдарынан табиғи жағдайдың бұзылуы.

Қазір табиғатқа деген көзқарас өзгерді. Кең далада үлкен қалалар бой көтерді, зауыттар мен фабрикалар, шахталар мен кеніштер ашылды.



«Попс- формула» әдісі

Қоршаған ортаны қалай қорғауға байланысты сұрақтарға жауап береді, талдайды, анализ жасайды.



ҚБ: жарайсыңдар!

«Raft» әдісі

Оқушыларға экологиялық проблемасы бар және табиғат құбылыстары берілген суреттер беріледі. Оқушылар өз бетінше ассоциация жасайды.



ҚБ: өте тамаша!

Сергіту сәті

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жаңбыр тырсылын жасайды)

Қырғауыл боп ұшамыз (Екі қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкі болып қашамыз (Бір орында тұрып жүгіру)

Қырғауылдай тапқыр боп

Орнымызға қонамыз



Жарайсыңдар балалар, бір сергіп алдық.

Шаттық шеңбер













Сен білесің бе?

Біз жерастынан газ, мұнай, көмір, темір өндіргенде энергияны қолданамыз. Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ЭКСПО- 2017» көрмесіне су, жел, Күн энергиясын қолданылатын елдер қатысты. Экспо-2017 көрмесіне 115 мемлекет 22халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға үш млн адам келді.

«ЭКСПО- 2017» көрмесінің тақырыбы: «Болашақтың энергиясы» ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірмелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі артараптандырушы үшін қуатты серпін берді.

«Зерттеушілік конференциясы»

Экспо-2017 көрмесін өз шеберлігімізбен жасап көрейік.

Керекті құрал-жабдықтар: Шар, жіп, түрлі-түсті қағаз, желім.

Ал, іске сәт балалар!



ҚБ: тамаша

Қоқысқа қатысты проблеманы зерделеп көрейік.

Біз күнделікті тіршілікте түрлі заттарды қолданамыз. Оларды қажетінше пайдаланамыз да, тозғанда немесе бүлінгенде ойланбастан лақтырып тастаймыз.

«Микрофон» әдісі

Пайдаланған затты қоқысқа тастаған дұрыс па, әлде оны екінші қайтара өңдеп қолданған тиімді ме?

Макалатура- қағазды басу процесіне дайындауда, таралымды рулонды ротация машинасында басу барысында, кітапшалау-түптеу, өңдеу процесстеріндегі қағаз қиындыларымен техникалық қалдықтарды, тұрмыста қажетсіз газет, журнал, кітап. Қағаз жасау өндірісінде қайта өңделетін шикізат ретінде пайдаланылады.

«Ротация» әдісі



Алдыларында тұрған төрт жәшікке қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жеке-жеке бөліп саламыз.













Аяқталуы

5мин

Дескриптор:

  • Сұрақ қояды және талдайды

  • Өз ойларын еркін жеткізеді

  • Шығармашылық жұмыс жасайды

  • Зерттеу жасайды

  • Постер қорғайды

Үйге тапсырма: 93-96 боқу,мазмұндау.Экспо көрмесі туралы мәлімет жинастыру.





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

А-деңгейі

Қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік қалыптастырады



В-деңгейі

Қоршаған ортана қорғау



С-деңгейі

Өз бетінше орындап, көршісіне түсіндіре алады.




Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сынып санитарлық талапқа сай


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет