Сабақ Тақырыбы: Өзгергіштік. Геномдық және хромосомалық мутациялар Ақпараттық-дидактикалық блок



бет1/3
Дата17.03.2023
өлшемі66 Kb.
#75210
түріСабақ
  1   2   3

12-сабақ


Тақырыбы: Өзгергіштік. Геномдық және хромосомалық мутациялар
Ақпараттық-дидактикалық блок
Өзгергіштік – бұл орта факторларының әсерінен тірі ағзалардың өзгеруі және жаңа қасиеттер ие бола алу қабілеті. Фенотиптік (тұқымқуаламайтын) және генотиптік (тұқымқуалайтын) өзергіштік деп ажыратылады. Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік ағзалардың түрлі қоршаған орта факторларынан (температур, ылғал және т.с.с.) ағзалардың өзгере алу қабілеті. Бұл өзгергіштік типі генотипттің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан тұқым қуаламайды. Бірақ, кез-келген белгінің модификациялық өзгеру шегі, яғни норма реакциясы генотип арқылы беріледі. Сонымен қатар, тұқым қуаламайтын өзгергіштікке фенокопиялар мен морфоздар жатады.
Фенокопиялар — сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсерінен мутацияға ұқсас фенотиптегі өзгерістер. Фенокопиялардың себептері: ұрықта оттегі жеткізіксіздігі (орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы); инфекциялық аурулар (токсоплазмоз, қызылша, сифилис); эндокриндік бұзылыстар; психикалық травма және эмоционалдық күйзеліс; цитотоксикалық немесе антиметоболиттік әсерлері бар дәрілік заттар (талидомид); микроэлементтердің (Fe, Co, Cu), дәрумендердің (С, Е, В1, РР және т.б.) жетіспеуі; алкоголизм; жүктілікке қарсы (контрацептивтерді) және жүктілікті үзетін дәрілік заттарды сауатсыз қолдану. Медицинада фенокопиялар — бұл тұқым қуаламайтын аурулар.
Морфоздар – экстремалды немесе ерекше болып табылатын орта факторлары әсерінен болған тұқымқуаламайтын өзгерістер. Морфоздар сәулелену әсерінен болса - рентгеноморфоздар, ал химиялық заттар әсерінен болса—хемоморфоздар деп аталады. Морфоздарға тән ерекшеліктер: тұқымқуаламайды, адаптивті емес, әдетте, қайта қалпына келмейді. Мысалы: күйіктер, жарақаттар және т.б.
Генотиптік немесе тұқымқуалайтын өзгергіштік генетикалық материалдың (генотиптің) өзгеруінен болады, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырады. Генотиптік өзгергiштiк комбинативтiк және мутациялық деп екi топқа бөледi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет