Сабақ тақырыбы Рационал сандарды көбейту



бет93/93
Дата18.01.2023
өлшемі13,26 Mb.
#61820
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Қоспалар тобы
1.
Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады?
2.
Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай?
3.
10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек?
Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг.



Оқушы жетістігін бағалау:

• «2» - міндетті деңгейдің тапсырмаларын орындамағанда;
«3» - І деңгей тапсырмасын толық орындағанда;
«4» - І-ІІ деңгей тапсырмасын толық орындағанда;
«5» - І-ІІ деңгей тапсырмасын толық орындағанда, ІІІ деңгей тапсырмасының 50%- дан артық.




http://www.cleverstudents.ru/numbers/operations_with_rational_numbers.html



Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау:

  • оқушылардың есеп мәтінін түсінуі;

  • тиімді жолды таңдай білуі;

  • оқушылардың мәтінді есептермен жұмыстануы.



Үй жұмысы:
Шығармашылық тапсырма:
Әр оқушы өзінің қалаған бағыты бойынша мәтіндік есеп құрастырып, оны параққа (А4) шешімін орындап тапсырады.


Рефлексия:


Жылдамдық тобы
1.
Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді?
2.
Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді.Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз.
3.
Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны?
Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ;



Тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасайды
Жұптық талқылау жасайды
Тапсырмалардың нәтижелерін салыстырады
Оқулықпен жұмыс жасайды






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет