Сабақ тақырыбы: Синустар теоремасы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Оқушылар



Дата17.04.2022
өлшемі190,52 Kb.
#31283
түріСабақ






Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

9.3С бөлім: Үшбұрыштарды шешу



Мектеп: Нұрсұлтан қаласы ФМБ НЗМ

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып : 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Синустар теоремасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Оқушылар:

ГМ9.15 синустар теоремасын дәлелдейді және қолданады;




Сабақ мақсаттары:

  1. үшбұрыш ауданы бойынша алдын ала алған білімін жоспарға сәйкес әрекет ете қолдану

  2. үшбұрыш қабырғаларын синустар теоремасын қолданып өрнектеу

синустар теоремасын тұжырымдап, дұрыс қорытынды жасай алу

Бағалау

критерийлері:

  • синустар теоремасын біледі, қолданады;

  • синустар теоремасынан шығатын салдарды біледі , қолданады;

  • қолданбалы есептерді шығару арқылы синустар теоремасының өмірде қажеттілігін түсінеді;

  • бұрыштың синусын анықтау үшін графиктік калькуляторды немесе Брадис кестесін қолданады

Тілдік мақсаттар:



Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларда өзбетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау.

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу


Пәнаралық байланыс

Физика, геометрия, қолданбалы есептер

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ресурс

Бастапқы білім

Косинустар теоремасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Сәлемдесу

Үй тапсырмасын тексеру






Сабақ мақсатын қою 2 минут

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін құру





6 мин

15 мин
10 мин



II. Білімнің өзектілігі.

Презентациядағы синустар мен косинустар теоремасына қайталау есептерді шығару.

Оқушылар презентациядағы есептерді синустар теоремасын қолдану арқылы талдау жасайды, мұғалім қажет кезінде бағыт бағдар береді. Есептердің шешімдерін ұсынады. Кері байланыс беріледі.

III. Жұппен жұмыс. Есептер шығару. Деңгейлі тапсырма

Оқушылар жұптасып синустар теоремасын қолданып есептер шығарады. Мұғалім бақылайды, қажет кезде түсінік береді. Қиындық туғызған тапсырма тақтада орындалады. Оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

Кері байланыс беріледі.


4-7 слайд

1 қосымша



қосымша

Есептер шешу

30 мин


10 мин



IV. Қоршаған ортамен байланысты есептер шығару.

Оқушылар мәтінмен берілген есептерді оқи отырып, қандай жолмен шешуге болатынын анықтайды. Оқушылардың білімі мен алғырлығын мұғалім бақылайды. Оқушыларға өз ойларын айтуға ұсыныс жасау.

PISA тапсырмасы

Балаларға арналған ағаш дөңгелек әткеншектер диаметрі 200 см болатын ағаш шеңберден жасалған. Шебер жасыл және сары тақтайшадан екі орындық құрастырды. Қақпаның бір ұшынан екіншісіне дейінгі қашықтық 100 см болса, екі тақтайша қандай бұрыш жасап орналасуы керек?



Шешуі:


Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің диаметрі белгілі болғандықтан, формуласын пайдаланып, бұрыштың синусын табамыз.





, бұдан

Осыдан екі тақтайша бұрыш жасап орналасуы қажет.



Жауабы:


1. Таудың шыңы А нүктесінен 38о бұрышпен көрінеді, ал тауға 200 м-ге жақындағанда тау шыңы 42о бұрышпен көрінді. Таудың биіктігін табыңыз.



2. А нүктесінен В нүктесі арқылы көпір салу керек. Инженер жағалаудағы А нүктесінен С нүктесіне дейінгі қашықтық 100 м екенін анықтады. АВС үшбұрышындағы А бұрышы 96,5°, ал В бұрышы 46,8°. Көпір ұзындығы қандай болады?

3 есеп.


Арақашықтығы 50 м болатын А және В нүктелерінен таудың төбесі 50º және 30º бұрыштары арқылы көрінеді. Егер адам бойы h = 1,60 м болса, таудың биіктігін табыңыз.

4 есеп.


Маякты бақылаушы маяктың жоғарғы қабатында тұрып, 300 бұрыш жасап апатқа ұшыраған қайықты көреді, Маяктың биіктігі 100,2 м. Қайық маяктан қандай қашықтықта жатыр?


5 есеп

Астроном өзінің көзқарасы бойынша Жер шары Күннен максималды қашықтықта болатын уақытты таңдады. Жер шары мен Күннің арасындағы бұрыш 38,5° . Күн Жерден 148800000 км қашықтықта орналасқаны белгілі. Күннен Жер шарына дейінгі арақашықтық қандай?





Оқушылардың өздігімен атқарған іс әрекеттер танымдық белсенділігін арттыруға, қызығушылығы, шығармашылық дамуына, алдына мақсат қоя білуіне, өз жұмысын жоспарлауға мүмкіншілік береді.

Ерекше жұмыстарға мадақтау айту, ал қателіктер бар болса, оны түзету.

Оқулықпен жұмыс: 8.66, 8.67, 8.68 есептерін жұптасып орындайды. Есептің шартын, сызбаларын дұрыс орындауы қадағаланады. Есептерінің шешімін басқа жұптармен тексереді. Атқарған жұмыстарын бағалайды.


8 cлайд

9 cлайд



Бағалау

Бірін-бірі бағалау критерийлері арқылы бағалайды




Қорытындылау

5 мин


-Не қиын болды?

-Неліктен?

-Не оңай болды?

-Неліктен?

-Нені жақсарту керек?

-Неліктен?






Үй тапсырмасы


Оқулықтан 8.77, 8.79.



Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Төмендегі жұмыстарға арналған тапсырмаларды таңдауда саралау қолданылады

  • жұпта

  • жеке




Сабақта қалыптастырушы бағалау мына түрде жүргізіледі

  • өзін-өзі бағалау

  • өзара бағалау

  • мұғалімнің бағалауы

Физкультминуткалар немесе көз жаттығуы.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет