Сабақ тақырыбы Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 2-сабақ
бет 1/3 Дата 27.09.2023 өлшемі 26,16 Kb. #110621 түрі Сабақ
Байланысты:
1 fizika 9synyp qaz sabaq-zhospary
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.2.1.6 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану
Сабақ мақсаты
Оқушыларға теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін есептер шығаруда қолданып, жан-жақты талдау жүргізу арқылы терең түсінік қалыптастыру.
Бағалау критерийлері
Лездік және орташа жылдамдықтарды айыра біледі
Үдеудің анықтамасын және өлшем бірлігін біледі
Тең үдемелі қозғалыстың анықтамасын біледі
Теңайнымалы қозғалыс теңдеулерін біледі, оларды нақты есептер шығарғанда дұрыс қолданады
Тілдік мақсаттар
Арнайы пәндік лексика және терминология:
Лездік және орташа жылдамдықтар, бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдемелі қозғалысты сипаттайтын теңдеулер , тұрақты үдеу, тұрақсыз үдеу, жылдамдық пен үдеудің бағыттары.
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Бір қалыпты үдемелі қозғалыста дене жылдамдығы .............. өзгереді.
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы азайғанда үдеудің бағыты жылдамдық векторының бағытына...................болады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушылар жұптық және топтық тапсырмаларды орындау барысында оларды өз беттерінше ізденуге, өзгенің ойын тыңдай отырып, қарсы пікір айтуға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыстар
Есептер шығарғанда екі белгісізі бар теңдеулер жүйесін шығарудың математикалық әдістерін қолданады
Бастапқы білім
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-2 минут
3-10 минут
Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлеріне қысқаша талдау жүргізу.
Жеке жұмыс. Ой қозғау, тақырыпқа ену.
Тақтадағы тапсырмаларды орындау
Бағалау критерийлері (тақтада көрсетіледі) :
Жоғары лақтырылған дененің жылдамдығы қалай өзгеретінін түсіну
Орташа және лездік жылдамдықтардың айырмашылығын түсіну
Оқушылар жауаптарын презентациядағы дұрыс жауаптармен салыстыра отыра өз-өздерін бағалайды.
Презентация
1-2 слайд
Презентация
3,6- слайдтар
Презентация
4,7- слайдтар
Презентация
5,8- слайдтар
Достарыңызбен бөлісу: