Сабақ тақырыбы: §



бет49/102
Дата28.11.2022
өлшемі18,15 Mb.
#53300
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
11-сынып.
Күні: 7.12.12ж
Сабақ тақырыбы: §5.6. 5.7. §5.8.Ұзындықтың қысқаруы. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік
заңы. Релятивтік динамика. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.
Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы, масса мен энергия арасындағы байланыс, массаның жылдамдыққа тәуелділігі туралы үғым қалыптастыру.

  • Оқушыларды ­өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасынқалай меңгергендерін тексеру:

  • Эйнштейннің салыстырмалы теориясы туралы түсінік беріңдер.

  • Лоренц алған формулалар қалай жазылады?

  • Қозғалыстағы объектінің ұзындығы қандай болады?.

  • Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Салыстырмалылық теориясының постулаттарына негізделген динамика релятивистік динамика деп аталады.
Динамиканың негізгі заңы болып табылатын Ньютонның екінші заңы релятивистік динамика мына түрге ие болады:
Механикалық импульс векторы арнаулы салыстырмалылық теориясында Ньютон механикасындағы сияқты жылдамдық векторына пропорционал болады.
-релятивистік импульс
Кеңістік біртекті болғандықтан релятивистік механикада релятивистік импульстің сақталу заңы орындалады: тұйық жүйенің релятивистік импульсі тұрақты болады.
Классикалық механика түсінігі бойынша дененің массасы өзгермейтін тұрақты шама. Бірақ ХІХ ғасырдың аяғында аса үлкен жылдамдықпен қозғалатын электрондарды бақылай отырып, денелердің массаларының жылдамдықтарына байланысты екендігін, дәлірек айтсақ, жылдамдық артқан сайын масаның көбейетіндігін төмендегі заңдылық бойынша тапты:
- дененің релятивистік массасы деп аталады. Мұндағы mo- материалық нүктенің (дененің) тыныштық массасы, m- релятивистік масса.
Релятивистік деп козғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына жақын болған кездегі эффектіні айтады.
Релятивистік массаға арналған өрнектен дененің массасы оның жылдамдығына тәуелді болатыны көрінеді. Берілген санақ жүйесінде тыныштықта тұрған дененің массасы m0 тыныштық массасы деп аталады. Тыныштық массасы нөлге тең емес (m0 ≠ 0) және жоғарыдағы формулалардағы — мүшені елемеуге болмайтындай жылдамдығы өте үлкен болатын бөлшектер - релятивистік бөлшектер деп аталады.
Энергия мен массаның арасындағы жан-жақты байланыс энергияның сақталу заңы мен дене массасының оның қозғалыс жылдамдығына тәуелділігінен шығады. Дененің толық энергиясы (Е) релятивистік массаға (m) пропорционал (масса мен энергияның өзара байланыс заңы):
- Эйнштейн формуласы деп аталады.
Мұндағы с-жарықтың ваккумдегі жылдамдығы. Санақ жүйесіне қатысты дене тыныштықты болғанда (ν=0), оның энергиясы Е0 неғұрлым аз болады: . Мұндағы Е0 дененің (бөлшектің) тыныштық энергиясы деп аталады. Дененің тыныштық энергиясы оның ішкі энергиясы болып табылады.
Дененің (бөлшектің) тыныштық энергиясының формуласының физикалық ұғымы мынадай: тыныштық массасы бар зат күйіндегі материалдық дененің тыныштық массасы жоқ сәуле түріндегі материалдық денеге айнала алатындығын (және керісінше де өзгереді), бірақ энергияның өзгермейтіндігін білдіреді. Бұған электрон мен позитронның (тыныштық массалары бірдей екі бөлшектің) қосылып (одан кейін олар жойылады), электромагниттік сәулеге айналуы және электромагниттік сәуленің энергиясының тура екі бөлшектің тыныштық энергияларының қосындысына тең болуын мысал етіп аламыз (бөлшектердің кинетикалық энергиясы нольге тең деп алынады).

Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы:


,

Яғни релтивтік жылдамдықтарды қосу заңы вакуумдегі жарық жылдамдығынан артық нәтиже бермейді.
Массаның жылдамдыққа тәуелділігі:

Массаның жылдамдыққа тәуелділік графигі:



Масса мен энергияның байланысы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет