Сабақ Тақырып: іс қАҒаздарының ТҮрлері және оларды топтастыру. 1 сағат



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі78,5 Kb.
#22864
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6


АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ – АҮМ

Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын

Практикалық сабақ

Тақырып: ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ. 1 сағат.




Түсінік
ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерінің мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ресми іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлуге болады.



Ресми іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай

Құжат атаулары

Бірінші

Жеке адам өміріне қатысты анықтамалық- ақпараттық құжаттар

анықтама, түйіндеме, өмірбаян, жеке іс парағы, өтініш, арыз, мінездеме, кепілдеме, баяндама есеп, тізімдеме, анықтама, жеделхат т.б.

Екінші

Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін ұйымдық құжаттар

қолхат, кепілхат, сенімхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, шарт, еңбек шарты, еңбек келісімі, мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, қызметтік нұсқау, коммерциялық емес ұйымдардың жалпы ережелері т.б.

Үшінші

Басқару, ұйымдастыру қызметтеріне қатысты өкілетті құжаттар

конституция, хаттама, қызметтік хаттар, хабарландыру, бұйрық, жарлық, үкім, өкім, жарғы, ереже, қаулы, шешім, нұсқау т.б.

1.Белгілеу тәсіліне қарай:

Жазба, графикалық, акустикалық

2. Мазмұнына қарай:

ұйымдық - өкімдік, қаржы – есеп, жабдықтау - өткізу

3. Атауына қарай көптеген жанрларға бөлінеді:

Өтініш, бұйрық, хаттама

4. Түріне қарай :

типтік,үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей

5. Толтыру орнына:

ішкі және сыртқы

6. Орындалу мерзімі бойынша:

жедел және жедел емес

7. Шығу тегіне қарай:

қызметтік және ресми – жекелік

8. Жариялылық дәрежесіне қарай қарапайым, күнделікті қызметте қолдану,

құпия

9. Заңдылық күшіне қарай:



шын және жалған

10. Жасалу сатысына қарай:

түпнұсқа, көшірме.

11. Сақталу мерзіміне қарай:

Тұрақты, уақытша 10 жылға дейін, уақытша 10жылдан астам

12.Қызметтік ерекшелігіне қарай:

құжат толтырудың бірыңғай жүйесі, негізгі ережелер

Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафареттік, еркін мәтін болып бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б. Трафареттік іс қағаздары деп мәтінінің белгілі бір бөлігі алдын ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтінінің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама. Мұнда студенттің аты-жөні, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырып қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады. Еркін мәтінді қағаздарына белгілі бір мәселе ғылыми немесе әдеби еңбек өнер туындысы т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады. Мысалы пікір. Еркін мәтінді іс қағаздарын рәсімдеуде де жалпы іс қағаздарына қойылатын талаптар сақталды.

Мекеменің ішкі іс қағаздарына мекеменің қызмет ету барысында оны құжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады. Мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелерден келіп түсетін құжаттар сырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады.

Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы жатады. Ал көшірмелік іс қағаздарына мәтіні сол күйінде өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Көшірмелік іс қағаздарына кез-келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б) үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б) дубликатын жатқызуға болады. Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған тұлғаға берілетін нұсқасы. Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасы мен күші бірдей көшірмесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет