Сабақ Тақырып: Микробқа қарсы химиопрепараттар. Жұқпалыаурулардың иммунотерапиясы және иммунопрофилактикасы. "Иммунобиологиялықжәнемикробқақарсыпрепараттар". СоөЖ тапсырмалары


Симбиоз – биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету). Симбиоз



бет14/17
Дата05.05.2023
өлшемі54,81 Kb.
#90015
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Симбиоз – биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету).

Симбиоз — форма тесных взаимоотношений между организмами разных видов, при которой хотя бы один из них получает для себя пользу.

Symbiosis is any type of a close and long-term biological interaction between two different biological organisms, be it mutualistic, commensalistic, or parasitic.

5

Дисбактериоз - организмдегі немесе оның ішіндегі микробтық теңгерімсіздік күйі. Сонымен қатар, дисбиоздың өзі ауру емес, бірақ кейде кез-келген аурудың салдары болуы мүмкін.

Дисбактериоз представляет собой состояние микробного дисбаланса на теле или внутри него. При этом сам по себе дисбактериоз не является болезнью, но может иногда являться следствием какой-либо болезни.

Dysbiosis (also called dysbacteriosis) is a term for a microbial imbalance or maladaptation on or inside the body, such as an impaired microbiota.

№ 12 сабақ


Тақырып: Топырақты, дәрілік шикізатты санитариялық-бактериологиялық зерттеу.
СОӨЖ тапсырмалары:
1. Топырақтың санитарлық-бактериологиялық жағдайын бағалау критерийлері. Топырақты санитарлық-бактериологиялық зерттеу кезінде қолданылатын қоректік орталар, оларға себу әдістері.
Санитарлық химиялық көрсеткіштерге топырақтағы аммиактың, нитриттердің және нитраттардың болуы жатады. Азоттың қосылыстарының болуына қарап топырақтың ластану ұзақтығын анықтауға болады. Егер топырақтың құрамында аммиак пен нитриттер көп болса, ластану салыстырмалы түрде жақында болған, ал тек нитраттар ғана болса, онда ластану бұрын болған және нитрификациялық реакциясы аяқталғанын көрсетеді.
Санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер;
Жалпы микроб саны-1г топырақтағы сапрофиттік бактериялардың жалпы саны. Анықтау үшін топырақ суспензиясын қоректік орталарға себу қолданылады, бірақ микроскопиялық анықтау әдісі нақты болып табылады.
Топырақта азот бекіткіш молекулалары азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotbacter, Azomonas, Mycobacterium) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданылады.
Ішек бактериялары(Enterobacteriacae)-ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия қоздырғыштары нәжіспен топыраққа түсуі топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді.
2. Топырақтың микробтық ластануы. Дәрілік өсімдіктерді өсіру үшін топырақтың жарамдылығын анықтау.
Микроорганизмдердің көпшілігі 10см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.
Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы жәнпе бастапқы резервуары болып табылады азот, көміртек, күкірт, темір және т.б. Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып, табиғаттағы зат алмасуға қатысады. Топырақ таулы ортадан желдің, судың тірі организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен жануарлардың өнімінен пайда болуынан түзіледі. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің pH-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдықта 25-45С температурада дамуға қабілетті.
Микроорганизмдер өсімдіктердің жапырақтары, сабақтарында ғана емес, тұқымдарында кездеседі. Өсімдіктердің беткейі мен тұқымының бұзылуы, онда көп мөлшерде шаңдар мен микроорганизмдер жиналуы себепкер болады. Өсімдік микрофлорасының құрамы өсімдіктің түріне, жасына, топырақ типі мен қоршаған ортасына байланысты. Топырақта өсімдіктер тамырының маңайында микроорганизмдердің маңызды мөлшері орналасады. Бұл аймақ ризосфера деп аталады. Ризосферада жиі спора түзбейтін бактериялар және де актиномициттер, спора түзетін бактериялар мен саңырауқұлақтар кездеседі.

СӨЖ тапсырмалары:


1 Шикізат пен дайын дәрілік заттардың деконтаминациялау әдістерін жазу.
Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентеральды енгізуге арналған дәрілік заттар, көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б, нормативті техникалық құжаттарға сәйкес стерильді болуы керек. Селективті деконтаминация аз адсорбцияланатын химиопрепараттарды мысалы: (ванкомицинді, гентамицинді және нистатинді кешенді тағайындау) ішке қабылдау жолымен жүргізеді.

13 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет