Сабақ Тақырып: Педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапалары мен жіктелуі



Дата17.05.2022
өлшемі15,59 Kb.
#34764
түріСабақ

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырып: Педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапалары мен жіктелуі
Мақсаты: Педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапалары мен жіктелуі зерделеу.
Тапсырма:

1 Педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапаларына талдау жасау

2 Педагогикалық технологияларының жіктелуін талдау
Қысқаша теориялық мәліметтер

Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары:



Тұжырымдамалық. Әрбір педагогикалық технология оқу максаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

Жүйелік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір әтапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс -тәсілдердің көп варианттылығы.



Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.

Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бүл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъек-тілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.


Орындауға қажетті оқу тапсырмалары

1. Дәріс материалдарынан педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапалары мен жіктелуі туралы оқыңыз.

2. Жүргізілген талдау негізінде педагогикалық технологияларының негізгі ортақ сапаларын түсіндіріп беріңіз

3 Дәстүрлі жүйеде модернизация бойынша педагогикалық технологиялардың, кестені толтырыңыз (кесте. 1)


Кесте 1 Дәстүрлі жүйеде модернизация бойынша педагогикалық технологиялардың талдап сипаттамасын беріңіз

Педагогикалық технологиялар топтамасы

Авторлар

Сипаттамасы

Балалар әрекетін белсендіру негізінде







Педагогикалық технологияны ұйымдастырудың және басқарудың тиімділігі негізінде







Педагогикалық технология оқу материалын дидактикалық қайта құру және жетілдіру негізінде







Альтернативтік







Авторлық мектептер жүйесіндегі технологиялар







Қарым-қатынас гуманизациясы және демократизациясы негізінде







Ойлануға сұрақтар.
1 Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары қандай?

2. Педагогикалық технологиялардың жіктеулерінің негізінде не жатады?

3. Педагогикалық технологиялардың жіктеулерін атап беріңіз.
Қолданылатын әдеби көздер

1 Эрганова H. Е Введение в технологии профессионального обучения: монография; Рос. гос. проф.-пед. ун-т. Екатеринбург, 2009.-151 с.



2 Педагогические технологии в современном образовательном процессе. Учебное пособие- М.: Мир науки, 2016. - 284 слайда. ISBN 978-5-9907958-6-0

3 Б.Т. Абенова, Н.Ж. Тастанбекова Кәсіптік білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар. Оқу құралы. 5В01200- Кәсіптік оқыту (салалар бойынша). – Астана, 2015

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет