Сабақ тапсырмасы Орындаған: Кенжебай Аружан Бахытқызы Қабылдаған: Кульназарова Гульназ Тулебековна



Дата03.04.2022
өлшемі27,97 Kb.
#29672
түріСеминар

Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті



1 семинарлық сабақ тапсырмасы

Орындаған: Кенжебай Аружан Бахытқызы

Қабылдаған: Кульназарова Гульназ Тулебековна

2022 жыл


1.1 Инклюзивті білім берудің даму тарихы 1.2 «Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Инклюзивті білім алғаш рет зерттеу әдебиетінде 1980 жылдардың соңында пайда болды. Арнайы білімге балама ретінде жасалған инклюзивті білім беру мектептер мен мектеп жүйелерінің жауапкершілігін кеңейтті, оқушылардың белгілі бір топтары үшін қолжетімділікті, қатысуды және оқу мүмкіндіктерін кеңейтті. Білім беру тәжірибесін анықтау үшін мәдени объективті пайдалана отырып, инклюзивті білім беруді оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірлескен, үлкен жауапкершілік пен еңбекті қажет ететін әрекеттестік ретінде қарастыруға болады. Цифрлық ғасырда оқытудың көптеген түрі бар екенін білеміз. Соларды негізге ала отырып жұмыс жасалу қажет деп ойлаймын. Нағыз инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға қажет барлық жағдайын ескере отырып жасалған деп ойлаймын.

Шамамен 1965 жылға дейін негізінен «медициналық модель» жұмыс істеді. Білім беру процесінде денсаулығында ақауы бар балалар арнайы мектептер мен интернаттарға орналастырылды. Қоғамның демократиялық негіздеріне бағдарланған елдерде денсаулығы ауыр балаларды оқшаулауға жауап ретінде бүкіл жүйені реформалауға, оны адамгершілікке айналдыруға шақыратын дауыстар пайда бола бастағаннан кейін ғана Еуропа елдерінде қатар жүргізіліп жатқан бірлескен білім беру жолдарын іздеу басталады екен.

Сонымен қатар, өткен ғасырдың 80-жылдарының соңы мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарастың өзгеруіне ықпал ететін бірқатар халықаралық құжаттардың қабылдануымен ерекшеленді. 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады, оған қазір 193 мемлекет қол қойған. Бұл 1994 жылы тағы бір маңызды оқиғаға ұласты. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Саламанкада (Испания) ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту бойынша Дүниежүзілік конференция өтті, онда «инклюзия» термині халықаралық қолданысқа енгізілді және инклюзивті білім беру принципі жарияланды. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді кәдімгі мектептің оқу-тәрбие процесіне белсенді түрде қосуды және қатысуды ғана емес, сонымен бірге барлық балалардың білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық білім беру жүйесін көбірек қайта құрылымдауды көздейді.

Жалпы инклюзивті білім берудің мақсатына тоқталатын болсақ, мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беруге, мәдениетке баулуға, қоғам өміріне баулудағы әлеуметтік, физиологиялық және психологиялық кедергілерді жеңу дейміз. Және баланың өзін ешкімнен кем санамай, қоғаммен бірге дамуына, білім алуына, қалаған саласында дамуына көмек беру десекте болады.

Ал осы мақсатқа жету үшін мектептің педагогикалық тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізуді қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу; дер кезінде түзету көмегін көрсету және балаға жеке білім беру бағытын құру үшін мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балаларды ерте диагностикалау және анықтау жүйесін құру; осындай балалармен жұмыс жасау үшін арнайы педагог кадрларды даярлау; кедергісіз білім беру ортасын құру. Яғни, арнайы оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мектеп ішінде қиындықсыз қозғалуға мүмкіндік жасау міндеттерін шешу қажет деп ойлаймын.



Менің ойымша, инклюзация идеясы адам құқықтарын, қадір-қасиетін және жеке басын түсінудегі ауқымды өзгерістердің бөлігі ретінде пайда болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарастың өзгеруі осы өзгерістердің бір көрінісі ғана болды. Инклюзивтік (инклюзивті қоғам) идеологиясы адамның әртүрлілігі мен адамдар арасындағы айырмашылықтардың құндылығын сезіну нәтижесінде қалыптасты деп ойлаймын. Инклюзияны енгізу демократияландыру принциптері негізінде және қандай да бір белгілер бойынша кемсітушілік болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Манчестер университетінің профессоры Питер Миттлер оны былайша анықтады: «Инклюзивті білім беру – жынысына, жасына, этникалық тегіне, қабілетіне, дамуындағы кемістік немесе жоқтығына және АИТВ инфекциясына қарамастан барлық балалар мен ересектерге мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құрудың түпкі мақсатына қарай қадам. Мұндай қоғамда айырмашылықтар құрметтеледі және бағаланады». Яғни, оны кемшілік ретінде санамау, керісінше сол адамның рекшелігі ретінде қарай білуіміз керек. Оны қоғамнан, ортадан бөлмей, бірлесе жұмыс жасауымыз қажет!

Сонымен, инклюзия әлеуметтік қатынастар жүйесіне оң әсер ететін динамикалық дамып келе жатқан процесс десек те болады. Инклюзивтік идеяларды дамыту қоғамның моральдық денсаулығын нығайтады. Инклюзивті білім беру – адам тұлғасының айрықша құндылығына, оның бірегейлігіне, қандай физикалық жағдайына қарамастан лайықты өмір сүру құқығына негізделген гуманизм идеяларының дамуының нәтижесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет