Сабақ Тәрбие жұмыстарында тәрбие технологиялары мен әдістерін пайдалану әдістемесі



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі24,96 Kb.
#17754
түріСабақ
  1   2

Дәріс 4. Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары мен әдістері Практикалық сабақ 4. Тәрбие жұмыстарында тәрбие технологиялары мен әдістерін пайдалану әдістемесі

Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары мен әдістері 2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында: практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған. Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты – тұлғаны дамытуда, әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білу. Тұлғалық - бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні оның мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қарым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар, тұлғаның білімін, субьектілік тәжірибесін жетілдіру, өз дүниетанымын, өзіндік қолтаңбасын және өзіне тән тұлғалық қасиеттер қалыптастыру. Тәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылымға, еңбекке деген ынта ықыласын қалыптастыруға ойын технологиясы негізгі орын алады. Іскерлік ойындар – заттық және әлеуметтік мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті, белгілі бір тәжірибеге тән қарым-қатынаст модельдеу формасы. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған технология оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін заманауи технологияға жатады. Заманауи технологиялар қазіргі таңда кеңінен қолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербелсенді әдістер, ІР технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған технология оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін заманауи технологияға жатады. Заманауи технологиялар қазіргі таңда кеңінен қолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербелсенді әдістер, ІР технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған. Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші ) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетін мен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, білім алушының тәрбие міндетін шешумен байланысты. «Әдіс дегеніміз - тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы» деген анықтама беріп келді. Бұл жерде әдіс дегенді тәрбие құралы деген мағынаның синонимі ретінде алынып отыр.Тәрбие әдістері мен тәсілдері бірімен-бірі тығыз байланысты.

Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі.

Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі.

Жаттықтыру әдісі.

Мадақтау және жазалау әдістері.

Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі.

Тәрбие технологиясы» ұғымы Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің Республикалық II -съезінде атап көрсеткендей оқыту мен тәрбиелеудің бір -бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кенеушілікке себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім Заңын және соған сәйкес жасалған “Білім беру мекемелеріндетәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын” жасап енгізді.

Тәрбиенің 11 бағытын ұсынды.

Ақыл-ой тәрбиесі.

Дене тәрбиесі.

Салауатты өмір салтына.

Адамгершілік тәрбиесі.

Оқушылардың өзін-өзі жетілдіру.

Саяси тәрбие.

Құқықтық тәрбие

Еңбекке тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие.

Экологиялық тәрбие.

Экономикалық тәрбие.

Бастауыш сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты 9 бағыты таңдап алынған. 1-4 сынып оқушыларын тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ мектепке келу-баланың өміріндегі маңызды оның өсіп жетілуі мен тәрбиесіне терең із қалдыратын кезең. Сабақ барысындағы тәрбие оқушының бәріне бірдей көңіл бөлуді талап етеді. Мысалы мұғалімнің жеке басының этикасы, сынып тазалығына мән беруі, амандасуы сияқты 1-2 минут қана уақыт кететін сабақтың ұйымдастыру кезеңі арқылы ғана адамгершілік эстетикалык тәрбие элементтері бала бойына сіңеді.

Мұны А.С. Макаренко “Лекций о воспитаии детей” еңбегінде: «Сіз баланы өміріңіздің әрбір сәтімен тәрбиелейсіз» дей келе, балалардың бойында жақсы әдеттердің мықтап қалыптасуына ұмтылу керек, ал бұл мақсат үшін ең бастысы – дұрыс әрекет жасауға ұдайы жаттықтыру болып табылады, деп тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Бұл жерде әдіскер немесе сынып жетекшісі тәрбиелеуші күштерді шоғырландыру тактикасын қолданатыны сөзсіз. Жеке пән мамандары өз салалары бойынша тәрбие жұмыстарын сабақ арқылы да, сабақтан тыс уақыттада жүргізіледі. Мұндай жүйенің тиімділігі біріншіден, өзіміз сөз етіп отырған оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің біріктірілуін жүзеге асырады;

екіншіден мұғалімнің барлығы да бір үлгіде, бірдей тәрбие ісіне тартылады; үшіншіден тәрбие мен тікелей мамандар айналысатындықтан тәрбие тиімді болады.


Сонымен қатар кешенді бағдарлама «Тұлға әрекет үстінде ғана қалыптасады» деген әдістемелік тұжырымды басшылыққа алады. Бұл жерде мұғалім оқушы ата – ана, яғни, субъект- субъект -субъектқатынасындағы екінші субъектінің мүдделілігіне тоқталмай кетуге болмайды. Олар: өзін-өзі бақылау, зерттеу, шығарма, тренинг, дебет т.б.
Тәрбие үрдісі кезінде келесі субъекті болып табылатын ата-ана мектептегі сабақ үрдісін үйде жалғастыра отырып, тәрбиелеуші болып есептеледі. А.С.Макаренконың “Ерте бала кезінен бастап тәрбиелеу -қайта тәрбиелеуге қарағанда әлдеқайда жеңіл”-дейді.
ХХ ғасырдың ірі өкілі белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай суреттейді «балаларға білім берумен тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып оларға келешекте өмірден аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушы қамқоры”.

Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең ойшыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтын басқа буындармен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық тазалық гуманизм Отан сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиеленуінен дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет