Сабақ типі : практикалық Күні



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі22,09 Kb.
#13651
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сабақ тақырыбы: Сабақ кезеңі бағалау критерийі
Пән атауы: Таңдау пәні бойынша практика

Сабақ типі: практикалық

Күні: 20.05.2020

Тобы: Шт-205

Мақсаты: Оқу жетістіктерін бағалау, бағалау түрлерімен практикалық жұмыстар орындай отырып, теориялық білімдерін бекіту.


1-тапсырма

Тақырыптар бойынша оқу мақсатына, сабақ мақсатына сүйеніп бағалау критериилерін жазу.


Сабақ тақырыбы: Демалыс мәдениеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы: берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады және сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен қолданады. 

Оқушылардың көпшілігі: берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табады және сөйлеу барысында орынды қолданады.

Оқушылардың кейбірі:сөйлеу барысында тірек сөздерді еркін қолданады. 


Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.

Бағалау критерийі:

●тақырып бойынша сөйлейді

●сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады.

Сабақ тақырыбы: «Абай мұражайында»


Сабақ мақсаты: оқушыларды Абай мұражайымен таныстыру; жаңа сөздерді меңгерту;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 




2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 

3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет