Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту



Дата01.03.2023
өлшемі129,05 Kb.
#70729
түріСабақ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ






Бекітемін:
ПЦК төрайымы:
_________________
20__ ж. "__" _____

Құндылықтар философиясы.Адамгершілік бастаулары.
Модуль /пән атауы: Философия негіздері
Дайындаған педагог Ф Алтаева
Жалпы мәліметтер
Курс Оқу жылы Топ
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
2. Мақсаты, міндеттері: * Студенттерге Құндылықтар философиясы.Адамгершілік бастаулары.туралы түсінік беру, танымдық іс әрекетін жандандыру,білімге деген қызығушылығын аттыру,жан-жақты ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту.
Құндылықтарды дарыту: Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;Өз көзқарастарын ашық білдіру;Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру. Адам өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру; Дұрыс іс-әрекет
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау

    1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Кактаева Философия негіздері. Ғабитова Философия.
3.2 Техникалық құралдар, материалдар Интерактивті тақта; Мультимедиялықпроектор;Дербес компьютер, ноутбук, смартфон;Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар;Сандықбілім беру ресурстары:
4. Сабақтың барысы
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
Мұғалімнің амандасуы
Журналға белгілеу.
Психологиялық тренинг
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс)

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Қысқаша шолу. 
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді
ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер


Сабақ бойынша рефлексия:
Келесі сұрақтың біріне жауап беріңіз:
- Мен өз көзқарасымды өзгерттім....
- Мен .... жайлы көп ақпарат алдым
- Мен ... таң қалдым
- Мен ... сездім
- Мен...сәйкестендірдім
Үй тапсырмасы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет