Сабақ түрі Практикалық жұмыс Тақырыбы Online Learning Platforms



Дата14.06.2022
өлшемі34,5 Kb.
#36834
түріСабақ

Еуразия гуманитарлық институты
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы


ХАТТАМА___
13 желтоқсан 2021 жыл сағат 10:00

Күндізгі бөлім Топтағы студенттердің саны 8


2 курс, Қт-20-01 тобы Қатысқан студенттердің саны 8


Оқытушы Садыкова М.А.


Пән АКТ


Сабақ түрі Практикалық жұмыс

Тақырыбы Online Learning Platforms.




1.Сабақтың мақсаты және жоспары:
1. Онлайн оқыту платформасы туралы түсініктерін арттыру;
2. Қашықтықтан оқытудың қазіргі уақыттағы дамуы;
3 Электрондық оқытудың қазіргі жастарға әсері;


2. Сабақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік деңгейі (тақырыптың жұмыс жоспарына сәйкестігі, әзірленген материалдың көрнекі құралдың және т.б. болуы): Практикалық жұмыстың тақырыбы оқу жоспарына толық сәйкес келеді. Практикалық жұмыстың мақсаты қашықтықтан оқыту туралы түсініктерін қалыптастыру және студенттермен пікірлесу;


3. Сабақ мазмұны (өткен материалмен байланыс, бағыты мен жаңалығы) Сабақтың барысында практикалық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айтылды. Сабақ өткен материалдармен байланысы қарастырылды. Яғни e-Gov порталының қазіргі Электрондық қазіргі таңдағы өзгерістері және тиімділігі туралы айтылды.


4. Сабақтың проблемалығы (өзекті мәселелердің қойылуы, студенттермен жүргізілетін ғылыми диалогтың деңгейі):
Практикалық жұмыс барысында электрондық оқытудың қазіргі білімге әсері және басқада өзекті мәселелер қозғалып, талқыланып, студенттермен диалогтар мен пікірлер жүргізілді.


5.Аудиториямен кері байланыс орнатуда оқытушының ролі (студенттерді қызықтыра алуы, материалды жеткізу стилі, студенттермен орнатылған байланыс деңгейі): Сабақты жүргізу барысында оқытушы диалогтар жүргізе отырып, студенттерлің ойлары мен пікірлерін, сұрақтарын қарастыра отырып студенттерді қызықтыра білді. Оқытушының студенттермен орнатқан байланыс деңгейі жоғары.


6. Сабақты талдауды қорытындылау (нақты ұсыныстар мен ескертулер): Практикалық жұмыс басында қойылған сұрақтар толық ашылды. Сабақ құрылымы жағынан қойылған талаптарға сай өткізілді.

7. Сабақ бойынша жалпы қорытынды: Жалпы өткізілген практикалық жұмыс сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде жүргізілді.


Талқылауға қатысқан оқытушылар:


доцент Оспанова А.С.


Ашық сабаққа қатысқан аға
оқытушылар: Дәулетханова Ж.Д.
Тажигулова А.Ж.
Ашық сабақ өткізген
магистр, аға оқытушы Садыкова М.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет