Сабақ Зар заман ақындары М. Мөңкеұлы, Ә. Боранқұлұлы



бет1/4
Дата23.02.2022
өлшемі284,47 Kb.
#26189
түріСабақ
  1   2   3   4

Практикалық сабақ 3. Зар заман ақындары – М.Мөңкеұлы, Ә.Боранқұлұлы.

1.1 Ақын толғауларының тақырыптық, жанрлық ерекшелігі.

1.2 Мұрат- жыршы ақын.

1.3 «Қарасай-Қази» дастаны, композициялық құрылымы.

1.4 Айтыстары.

1.5 «Үш қиян» толғауын жаттау, талдау.

1.6 Мұрат шығармаларындағы азаматтық сарын.

1.7 Ә.Кердерінің шығармашылығы.

1.8 Әбубәкір – зар заман ақыны.

1.9 Айтыстары.

1.10 Шығармаларының көркемдігі.

19 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекті ақын 1843 жылы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылында дүниеге келген.

Ақын қазақ әдебиеті тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі, зар заман ақындарының ішіндегі аса белді өкілі.

Қазақтың ақын ұлы ел тарихын әсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, көпке насихаттап кеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Осылайша, зар заман ақыны атанды.

Зар заман ақындарының ішінде Мұраттың ерекшелегі ол арғы тарихты да қозғап, үн шертті. Ол ұдайы елдік, ерлік жайын назарда ұстап сөйлеген, шығармашылық ауқымы өте кең мықты тұлғаның бірі.

Жалынды ақын өз шығармаларында ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдерді қолдануға тырысады. Сонымен қатар, ақын кейіпкерлерді қалыптастыруда шынайылыққа, нақтылыққа, айқындылыққа ұмтылып, өз ойын жеткізу үшін прогрессивті тәсілдерді қолданды.



Шығармашылығы

Арнау өлеңдері

Өнер, білім, оқу туралы жырлар

Қыз сыны туралы

Мадақ өлең:

Шежіреші

Эпостық поэмасы

«Айжарыққа», «Есенғали болысқа», «Есентемір»

«Тұрабай болысқа», «Қарақожа болысқа».

«Оқудан қайтқан жігіттер» (Дәулетімбетке елді өнерге алып шық демек)

«Қыз» өлеңі

«Тұмар қазылуына»

Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Шернияз шығармаларын жеткізуші

«Қарасай-Қази» жыры

Өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.

«Үш қиян» мен «Қазтуғанда» отаршылдар қысы­мынан қиналған елдің жайын өрнектелсе, «Сарыарқа» толғауында қоян жұтының ауыр зардаптары баяндалады. Мұнда ақын Атырау аңғары, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз ойпаты туралы толғанып, олардың қолдан шығып кетіп, елдің мейірімсіз жаудан жәбір көргендігін, барар жер, басар тау қалмай бара жатқандығын айтып торығады.

Мұраттың «Қазтуғанын» «Үш қиян» толғауының логикалық жалғасы деуге әбден болады. Оның негізгі қаһарманы – тарихи адам. ХV ғасырда өмір сүрген батыр, әрі шешен тұлға. Ол Еділ мен Жайық арасын мекен еткен Сүйінішұлы Қазтуған. Ақын осы Қазтуған арқылы өз ойын мәнерлеп, терең оймен толғанады.

Щоқтығы биік шығармасының бірі – «Қарасай-Қази» жыры. Бұл – ерлік пен батырлықты, халықтың жауынгерлік рухын дәріптейтін шығарма. Қаһармандық эпос ұрпақты ел мен жерді қорғауға, атамекеннің қадір-қасиетін санаға сіңіруге үндейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет