Сабаққа қойылатын талаптар І. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар



бет1/6
Дата04.04.2023
өлшемі27,68 Kb.
#79241
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Сабаққа қойылатын талаптар

І. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;
- оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
- оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;
- оқыту принциптерін қолдану;
- оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
- оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
- оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу;
- оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау, жұмылдыра білуі.
- ақыл-ойының дамуы;
- жеке жұмыстар жүргізу;
- жаппай жұмысты ұйымдастыру;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
- жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
- оқушыларға жеке тапсырмалар беру;
- әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
- қалыпты температураның болуы;
- ауаны тазартып тұру;
- жарықтың болуы;
- балаларды шаршатпау;
- іс-әрекетті түрлендіріп отыру.
- сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
- оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
- сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
- сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
- сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
- мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
- мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет