Сабақта ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктері



бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі25,29 Kb.
#84672
түріСабақ
  1   2   3   4

Лекция 14.
Тақырыбы: Ойын арқылы оқыту технологиясы
Мақсаты: Студенттерге ойын арқылы оқыту технологиясы туралы мағлұмат беріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.
Жоспары:

  1. Оқыту үрдісінде ойынның атқаратын қызметі.

  2. Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері.

  3. Сабақта ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктері.

Белгілі психолог Е.А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үдерісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерінің өзгертуді қажет етеді. Ал Ю.К. Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістерін ұсынады.
1. Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді.
2. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі—ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мен берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бірнәрсеге үйретеді, ең бастысы баланы – мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақтастықта болуға үйретеді.
Ойын –балалар үшір оқу да, еңбек те. Ойын- айналадағы дүниені танудың
тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетіен қалыптастырады дегенді айтады.
Ал заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский «ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.
Тиімді қолданылған ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, терең меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойыңға ауыңқырап тұрады. Қазақты ойын түрлерінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып , қойылатын сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын-бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жасөспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады, ересектермен арадағы қарым –қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып табылады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда екі қызмет: таным және бағдарлық бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыру, ол бағдарлық қызметке араласуға ынтаны арттырады. Жас өспірім шақтағы мейілінше көп тараған ойындар таным сипатындағы спорт және басқа қозғалмалы және шығармашылдық рөлді ойындар балып табылады. Ойынға қызығу ойыншының жасына, жынысына, өмір жағдайына байланысты.
Тілдің дамуына да ойын әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды, т.б. үйренеді. Ойын баланың психикасында сапалы оң өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты –оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрін пайдалану – сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезінде, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың Электрондық, атомдық, ғарыштық пен аталып жатуының өзі адамның ақыл –ойының, санасының жетілгендігінің көрінісі. Сондықтан оқушылардың оқу үдерісінде дамуын жүзеге асыру білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді. Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығынның мәнін құрайды.
Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үдерісін жетілдірудің, әлеуметтендіру мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсетткіші ретінде бағаланатын оқу үдерісінде оқушылардың жас және дербез ерекшеліктерін ескере отырып, ойын әрекеттерін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.
Ойын –бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударған, тек XIX ғасыр аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. К.Грос, Э.Клаперед, А. Диваев, Р. Гауп, Н.Винооградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты. Ойын мәселесінің жан-жақты зерттеуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан әлі толық шешімін таппаған.
Алғашында іскерлік ойындар әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданды. 1932 Ленинград жылдар инжинерлік-экономикалық инситутында М. Бирштеин басшылық етуімен Львов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.
Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономиялық қатынастар 1960 жылдары басқару және педагогика саласына тарады, Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровский еңбегінде дамыды.
Г. Шедровский анықтамасына сәйкес, іскерлік ойындарның мынадай ерекшелігі бар:
а) қоршаған ортаға ерекше қатынас;
ә) ойынға қатысудың субективті іс-әрекеті (әрбір ойынға қатысушыға өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайында ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді);
б) іс-әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатыныс негізінде «жеңісті», ұтыс бағытында ойналуы);
в) түсінудің ерекше мазмұндағы (ойынға қатысушыларды теориялық, әдіснамалық тәжірибиелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылдаумен көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады).
Қазақ халқы жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.
Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас еткен солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады.
Ұлт ойындар-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оұушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибиелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі.
Ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдіснамалық талаптардың қатаң сақталуын талап етіледі.
1.Тәрбиеші ұлттық ойындарды неғұрлым көп білуі тиіс
2. Ұлт ойындарын балаладың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Барлық ойындардың тәрдбиелік мақсатын анықтап (белгілі бір ойынмен балалардың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелеуді көздейді).
4. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткзе білу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау. Көптеген
жағдайда ойын ережесінің бұзылуы балалар арасында ұрыс, келіспеушілік, реніш тудырады.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен әзірлеу немесе басқа құралдармен алмастыру.
7. Ойын алаңы балалардың өміріне қауіп тудырмауы тиіс. Ойынға ашық алаң немесе арнайы жабдықталған ойындар пайдалынады.
Іскерлік ойын-бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценариі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру
тәжірибиесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибиелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданылады және бекітеді. Оқу үдерісіне іскерлік ойындардың төмендегідей түрлері қолданылады; рөлдік, операциялық , ұжымдық-іскерлік ойындар.
Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні –оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үдерісіне шығармашылық рух енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет