Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы


«Бұл жауабыболса, онда сұраққандай болады?»



бет25/105
Дата16.01.2023
өлшемі472,69 Kb.
#61544
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
74. «Бұл жауабыболса, онда сұраққандай болады?»
Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін
сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.
75. «Бұлт үстіндегі саяхат»
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер.


76. «Бұрыштар»
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын
сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.


77. «Былғары қолғап»
Ойын шарты: үш адамнан тұратын т оптарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса бер
еді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

78. «Біз де»
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет