Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлауда оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі20,6 Kb.
#42758
түріСабақ
  1   2

Тақырып №4. Көркем шығарманы оқьпудың кезеңдері мен жолдары, олардың ғылыми-әдістемелік негіздері
а) сабақтың мақсаты мен міндеттері: Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлауда оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлін білу. Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлауда оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі.
Негізгі терминдер мен түсініктер: календарлық, тақырыптық, сабақ жоспары, кіріспе, сөздік, әдіс-тәсіл, лирика.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі
2.оқулықтың мазмұны мен нұсқаулардың, мұғалім кітапханасының т.б. сериялы ғылыми-әдістемелік, ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыға әдеби білім берудегі пайдасы


Әдебиет сабақтарында керкем шығарманы оқытудың өз реті, кезеңдері бар екені: кіріспе, мәтінмен жұмыс, қорытынды сабақтар.
Кіріспе жұмыстар мен кіріспе сабақтардың мазмұны мен шығарманы меңгертудегі орны. Олардың жаңа тақырыпты түсіндірудің кілті екендігі. Кіріспе жұмыстар мен сабақтарға бөлінетін уақыт. Орталау және жоғары сыныптарда өткізілетін кіріспе сабақтардың негізгі айырмашылығы. Кіріспе сабақтарды жүйелеу. Лирикалық шығармаларды оқыту барысында оның жанрлық спецификалық ерекшеліктеріне сай өткізілетін кіріспе жұмыстар мен сабақтар. Ақын-жазушылардың өмірбаянына қатысты және монографиялық тақырыптар бойынша жүргізілетін кіріспе сабақтар. Қазақ тілінде оқытпайтынмектептерде сөздік жұмыстың кіріспе сабақтарының басты элементі болатыны. Сөздік жұмыстың түрлері. Сөзге жасалатын лингвистикалық және семантикалық талдаудың әдістемесі.
Көркем шығарманы оқу мен талдау. Шығарманы оқытудың түрлері. 5-8 сыныптарда мәтінді мұғалім мен оқушының қатар оқуы. Үйде оқудың нәтижелі болуына тиімді болатын тапсырмалар.
Оқуға алынған шығармадан өрісті білім беру сол шығарманы жан-жақты қарастыру кезінде іске асырылып отырылады. Талдау жұмыстары оқушыны шығарманың ішкі мазмұнына жетелейді, жазушының қойған мәселелерін түсінуге, оның ой-сезімдеріне ортақтасуына мүмкіндіктерді туғызады. Оқушының шығарманы эстетикалық мұра ретіңде қабылдауы мен аналитикалық ақыл-ойын жетілдіру дәрежесінің ұштастығы. Талдаудың негізгі жолдары, әдіс-тәсілдері, басты элементтері.
Талдаудың мақсатына жету әдістің санына байланысты емес, мұғалімнің әдістеме ғылымы мен тәжірибесіндегі талдаудың жолдарын шығарманың тақырыптық, мазмұндық, көркемдік ерекшеліктерін үйлестіре ала білгендігінде. Образ бойынша талдау, тұтастықта талдау, проблема қойып талдау жолдарының ерекшеліктері. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде салыстыра талдауды қолданудың мәні, түрлері мен әдіс-тәсілдері.
Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту мақсатында атқарылатын жұмыстар. 5-9 сыныптарда және 10-11 сыныптарда әдебиеттен берілетін әдеби-теориялық ұғымдар. Көркем туындыны талдаудың жаңашыл технологиясы.
Қорытынды сабақтарда алдыңғы сабақтарда атқарылған істерді жинақтап қорыту, оқушылардың такырып бойынша естіп-білгендерін бекіту, терендете түсу мақсаты қойылады. Мұғалімнің қорытынды сөзі, оқушыларғ берілетін тапсырмалар олардың білемдерін тереңдете түсуді, шығарманың жаңа бір қырларын көрсету, идеялық-көркемдік өзгешілігіне назарларын аударуды көздейді. Мұндай сабақтарда оқушылардың шығармашылық тапсырмаларын орындауларына ықпал ету, сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту мәселелері де өз шешімін тауып отырады. Шығарманы оқып талдауға, жинақтауға арналған сабақтарда басқа тілді мектеп окушыларының әдеби білімдерін ескеріп отырудың қажеттілігі. Қорытынды сабақтарда өткізілетін жазба жұмыстардың орны.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігі қалыптастырудағы ролі. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі.Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері.Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.
Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педегогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жеістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың оқушылардың жас ерекшелігіне, оқырмандық қызығушылығына сәйкестендірілуінің маңызы. Мектептік әдеби білім жүйесіндегі екі сатылы оқытуға байланысты екі типті оқулықтардың пайдалану себептері. Оқулықтың мазмұны мен ғылыми аппараты. Оқулыққа көмекші оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың «мұғалім кітапханасының» т.б сериялы ғылыми-әдістемелік, ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыға әдеби білім берудегі пайдасы.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігі қалыптастырудағы ролі. Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі.Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.
Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педегогикалық психология, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жеістіктеріне сай жетілдіріп, толықтырылып отыратыны.
Мектеп, колледж, университет ‑ білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет ‑ оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мұғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жұмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін ұйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылдатуға, игертуге жағдай туғызу – басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Біріншісі, бір қалыпты жұмысты ұйымдастыру; екіншісі пәнді оқытудағы жетістік‑кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт‑бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік,

  • тақырыптық

  • сабақ жоспары.

Күнтізбелік жоспар – бұл бағдарламадағы тақырыптардың оқу тоқсандарына және апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқалыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.
Тақырыптық жоспар – бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырыптың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бұл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
Сабақ жоспары – бл әрбір сабаққа күнделікті жасалатын жоспар түрі. Ол мұғалімнің сабақты жоспарлы, ұйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж және университеттерде жұмыстық оқу жоспары жасалады. Ондағы тақырыптар дәріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.
Сабақ – белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оқып‑үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ – оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс‑тәсілі анықталғаннан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан құрылымы бар. Олар: - ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын сұрау;
- жаңа материалды түсіндіру;
- сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;
- оқушы білімін бағалау.
Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім‑дағдылары қалыптасады. Сабақтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы – мұғалімнің білімі мен әдіс‑тәсілдерінің жан‑жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылықты қажет етеді. Сабақ – күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

  • оқушыларың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

  • мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс‑тәсілдері;

  • оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс‑тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

  • оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

  • оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;

  • көрнекі құралдың нақтылығы, әсерлілігі, мазмұндылығы;

  • мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы;

сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет