Сабақта студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру- Құрал-жабдықтар: "Дәріс" топтарына арналған тапсырмалары бар карточкалар



Дата05.03.2023
өлшемі20,5 Kb.
#71599
түріСабақ

Сабақтың оқу-жоспары:
" Лекция" тақырыбы бойынша
Сабақ түрі-жаңа материалды түсіндіру сабағы
Сабақтың түрі-Аралас сабақ (бір сабақта әр түрлі түрлердің үйлесуі)
Сабақта жаңа материалды оқу формалары- дәріс;
Студенттерді жеке мәселелерді талқылауға тарта отырып,тақырыпты түсіндіру;
Сабақта студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру-
Құрал-жабдықтар:
"Дәріс" топтарына арналған тапсырмалары бар карточкалар

"Лекцияның түрлері және олардың қолданылуы"материалдары бар мәтін


Мақсаты:әлеуметтік-психологиялық жанжалдың түсінігі мен құрылымы бойынша дәрістік материалды бекіту, әлеуметтік қақтығыстардың табиғаты мен себебін, олардың түрлерін, кезеңдерін, функцияларын және шешу тәсілдерін зерделеу, қақтығыстағы жеке тұлғаның мінез-құлқының моделін зерттеу: ынтымақтастық стратегиясы, бәсекелестік, қашу, күту, кооперация.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру (2 мин.)
2.Кіріспе әңгіме (3 мин.)
3.Негізгі бөлім-тірек конспектісін бір уақытта толтырумен дәріс (20 мин.)
4. "Дәріс" тренинг бағдарламасын әзірлеу тестілеу (15 мин.)
5. Рефлексия (5 мин.)
6.Үй тапсырмасы (5 мин.)
2.Сабақтың барысы
Дәріс – мектеп, медреселердегі сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту түрін «сабақ» деп, ал арнаулы кәсіби, жоғары оқу орындарындағы оқыту түрін Дәріс деп атау қалыптаса бастады.
Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор.
Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.
Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Кейбір дәстүрлік емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын келтірейік
Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
Визуализациялық лекцияның өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.). ол пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай лекция тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Әдейі шатастыру лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.
Ойын сәттері қолданылатын лекциялар онда оқушылар мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады.
Бұл негізінде проблемалық принциптері жатқан біріккен лекциялардың жүзеге асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады.
1. Тапсырма. "Дәріс"тақырыбына тренинг бағдарламасын әзірлеу.
Тренинг бағдарламасын әзірлеу жолдары:
1 жолы: Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар
2 жолы: Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті
3 жолы: Лекция түрлері
4 жолы: Шолу жасау лекция
5 жолы: Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар

2. Тапсырма. "Лекцияның түрлері және олардың қолданылуы" кестесін құрып, мысалдар келтіру.


5.Рефлексия
Дәріс дегеніміз не?
Дәріс оқудың ерекшеліктерін атаңыз?
Лекция мен практикалық сабақтың ұқсастықтарын білесің?
6.Үй тапсырмасы:
Нұсқау: Дәріс тақырыбына конспект дайындау, 15 сұрактан тұратын тест дайындау.
Бақылау формасы: талданатын ұғымдардың конспектісі мен тұжырымдарын тексеру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет