Сабақтан тыс шара Тақырыбы: " Мамандық таңдау ертеңді ойлау " Өткізген: рх-921 топ оқушылары



Дата06.01.2022
өлшемі6,45 Mb.
#12820
түріСабақ

МЕББМ «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі»
БЕКІТЕМІН

Директордың ТЖЖ

орынбасары

__________ Ж.К.Балуанова

__ ________ 20___ ж.

.

Сабақтан тыс шара



Тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Өткізген: РХ-921 топ оқушылары



Орал 2020

Тәрбие сағатың: «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»



Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру
«Ең жақсы мамандық» ойыны. Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп ……………….(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ……………………….(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ………………………….(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ………………………(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ……………………(сот, бухгалтер).
Ең салмақты …………………..(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ……………(биснесмен).
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
6. Ақша болса, мамандық қажет емес
7. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
8. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

«Тілектер ағашы » Гүл құмырасында ағаш отырғызылған

Тәрбие сағатымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына » ілеміз.

Бүгінгі тәрбие сағаттан алған әсерлерің.

Болашақтағы жоспарларың

Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің
Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.


Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін

 

Бәріміз де алдымен мынадай «Тізбекті үзбе»  ойының ойнайық.


Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі бала аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет