Сабақтарында қолданылуы жұбанова Б. Т. Орал қ



Pdf көрінісі
Дата29.01.2017
өлшемі231,42 Kb.
#2941
түріСабақ

 



ЖАҢА ФОРМАТТЫ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ БИОЛОГИЯ  



САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ 

 

Жұбанова Б.Т. 

Орал қ. 

 

Жалпы  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  «Білім  туралы»  Заңның  талабына  сәйкес  ХХІ  ғасырдың 

даму  міндеттерін  іске  асыруға  бағытталған.  Еліміз  жаңа  ғасырға  өмірдің  барлық  саласында  жаңа 

құрылыммен  енген  кезеңде  мектепте  білім  беру  әдістері  де  саны  мен  сапасы  жағынан  биік  деңгейге 

көтеріліп, тәжірибеде батыл көрінуде.  

Осыған орай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық әдістері, түрлі технологиялары көптеп 

енгізіліп,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курстары  ұйымдастырылуда.  Осындай  курстың  бірі 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы. 

Бұл  курстың  негізгі  міндеті-  қазақстандық  мұғалімдерге  педагогикалық  тәжірибесін  жетілдіру  мен 

бағалауға көмектесу.  

Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсында  бағдарлама бойынша жеті модуль ұсынылады. 

Қазіргі  кезде  өзекті  болып  отырған  жеті  модульдің  әрқайсысы    пәндік  және  жас  ерекшеліктеріне 

байланыссыз, жалпы сипатта. Олар: 

 оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 

 оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 

 оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану; 

 талантты және дарынды балаларды оқыту; 

 оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; 

 оқытудағы басқару және көшбасшылық.  

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің  бірі топқа бөліп оқыту, топқа бөлу тренингтері, диалогты 

оқыту, блум өлшемдері, рефлексия т.б.  

Сабақта  топқа  бөлу  бұрын  бір-  бірін  анық  білмейтін  оқушылардың  арасын  жақындастырады. 

Оқушыларды  топқа  бөлгенде  «тобымда  кімдер  болады?»  деген  сұрақ  оларды  әрдайымда 

қызықтырады.  Топтасып  жұмыстануда  біріншіден,  оқушымен  оқушы  арасындағы  байланыс, 

мұғаліммен  оқушы  арасында  байланыс  жақсарады.  Оқушылар  топта  бір-бірімен  еркін  пікір  алмасып, 

бірінің айтқанын екіншісі толықтырып, қателерін түзетіп, ойларын дәледеп, талдайды, өзіндік «Мені» 

қалыптасады.    

Диалогтық  оқыту  әдісіне  тоқталып  өтсем,    әрине  бұл  әдіс  маған  да,  оқушыларға  да  бұрыннан 

таныс, алайда өзгертілген формада өткізген сабағымда оқушылар диалогы қандай болды? 

9«а» сыныбында «Биосферадағы зат және энергия айналымдары» тақырыбында сабақ өтті.  

Сабақты  мен  оқушылардың  арасында  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастырудан 

бастадым.  Оқушыларды  туған  айларына  байланысты  тұрғызып,  үш  топқа  біріктірдім.  Топқа  бөлу 

кезінде  оқушылардың  бір-біріне  «жылдың  қай  мезгілінде  дүниеге  келіп  едің?»,  «туған  күнің  таяп 



қалыпты  ғой?»  сынды  сұрақтар  қойып,  мағанда  «сізбен  бір  айда  дүниеге  келген  екенбіз  гой»  деп 

қуанышты  жүзбен  диалог  жүргізгендерін  көріп,  сыныпта  оқушыларымның  еркіндік  атмосферасын 

сезінуіне мұрсат бердім деп ойлаймын.   

Жалпы, 


Мерсермен 

Литлтонның 

зерттеулерінде 

диалог 


сабақта 

оқушылардың 

қызығушылықтарын  арттырады,  ал  достарымен  бірігіп  жүргізілетін  жұмыстың  балалардың  оқуына 

және когнитифті дамуына әсер ететіндігі туралы айтылған. (Литлтон(2007). Нұсқаулық,38бет)  

Сабақтың  жаңа  тақырыпты  бастау  кезеңінде  «ауа,  су,  топырақ  арасындағы  байланысты, 

бірлестікті  қалай  түсінесіңдер?»  деп  сұрақ  қойдым.    Оқушылар  «өлі  табиғатта,  тірі  табиғат 

сияқты  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  тіршілік  айналымдары  үнемі  жүріп  отырады»  деп 

жауап беріп,  диалог арқылы  өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстырды.                      

Топтық жұмыста оқушылар тіршілік айналымдарын  үш топ бойынша бөліп алып жұмыстанды. 

Топпен  жұмыстану  барысында  балалардың  арасында  зерттеушілік  әңгіме  өрбігенін  байқадым.  Әркім 

ақылға  қонымды идея  ұсынып,  бір-біріне  сұрақ  қойды, айтқандарын  дәлелдеп,  топтағы  қатысушылар 

келісімге  жетті.    Флипчартқа  өз  ойларын  түсіріп,  топқа  таныстыру  арқылы  сыныпта  әңгіме-дебат, 

топтық  әңгіме  орнады.  Әңгіме  барысында  қатысушылар  өзгелер  айтқан  идеяларды  төзімділікпен 

тыңдап,  мұқият  бағалауға  тырысты.  Оқушылардың  пікір  алмасуы  жалпы  көңілімнен  шықты.  Мұны 

менде білдіріп, идеяның құндылығын анықтауда түсіндірулер жүргізіп отырдым.  

Сабақ соңында рефлесия жазудың өзі оқушылар үшін қызықты екенін байқадым. 9а сыныбында 

өткен  «Биосфера-  тіршілік  қабаты»  атты  алғашқы  сабағымда  балаларда  үлкен  әсерге  бөленгенге 

ұқсайды.  Аманжол  Аслан  деген  оқушым  өз  ойын  былайша  білдіріпті:  «Бүгінгі  сабақ  біз  үшін ерекше 



 



болды және есімізде қалады. Мұндай сабақтар көп болсыншы. Топқа бөлгенде жауапкершілік, бәсеке 



болды. Үзілістің  соғылғанынада  қарамай, бар ынталарымен не  үйренгенін, не білгенін жазып, тақтаға 

іліп жатқан оқушыларға қарап, олардың сабаққа деген көңілдерін байқау қиын емес еді... 

Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің,  ойлау мен талқылаудың  нәтижесінде алынған 

ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  және  синтездеуге  бағытталған  пәндік  шешім.  Сабақтарымда  

оқушыларды топқа бөлу арқылы сыни ойлауды дамытуды көздеймін және жұмысым нәтижелі болады 

деп ойлаймын. 

Мысал  ретінде,  7  «б»  сыныбында  өткен  «Жылқы  шаруашылығы  және  оның  негізгі  салалары» 

атты сабағымда жеке жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлауын келтіріп, оқушының жұмысын талқылап, 

баға беріп өтейін.  

«Жылқы  -  киелі  жануар»  тақырыбын  талқылаған  кезде,  Нұрдананың  жұмысында  Блум 

таксономиясының  өлшемдері  арқылы  ойлағаны  көрінді.  Нұрдана  үнемі  ізденіп,  оқып  жүретін  білімге 

құмар оқушы, сыныптағы оқу озаты. Ол жылқы түсінігін топтастыруда мынандай бөлімдерге бөлген.  

1.  Жылқының жануарлар дүниесінде алатын орны(білу) 

2.  Жылқыны қазақ халқының қастерлеуі (түсіну) 

3.  Жылқыға қатысты мақал мәтелдер, теңеу сөздер(қолдану) 

4.  Жылқы өнімдерінің адам денсаулығына пайдасы ( талдау) 

5.  Жылқының атауларына байланысты түрлерге бөлінуі (жинақтау) 

6.  Жылқының сұрыптау арқылы алынған қолтұқымдарының кәсіптік мәні (бағалау).  

Балалардың  сыни  тұрғыдан  ойлауын  дамытуға  тиісті  өлшемдерді  қолдана  білген  тиімді. 

Сабақтарымда  оқушылардың  бақылау,  талдау,  қорытынды  жасау  дағдыларын  дамытуға  көп  көңіл 

бөлемін.  Бұл  жағдайда  оқушы  ойын  Блум  өлшемі  бойынша  яғни  қарапайымнан  күрделіге  бағыттау 

маңызды болып саналады.  

45  минуттық  сабақта  барлық  оқушының  білім  дәрежесін  білу  жалғыз  мұғалімге  қиындықтар 

туғызады.  Сол  себепті,  сабақтарда  оқушылардың  өзара  және  өзін-өзі  бағалау  формаларын  енгізу  

маңызды рөл атқарады. 

Бағалау термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» дегенді білдіреді.  Бағалаудың  негізгі 

сипаты  бір  адам  басқа  адамның  не  айтып,  не  істегенін  немесе  өзін-  өзі  бақылау  жағдайында  өзінің 

дербес  ойлауын,  түсінігін  немесе  тәртібін  мұқият  бақылауы  болып  табылады.  Білім  беруді,  әдістерді 

және  мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  жақсарту  мүмкіндіктерін  анықтауға  бағытталған  бағалау 

формативті немесе оқыту үшін бағалау.  

7«б»  сыныбында  өткен  «Жылқы  шаруашылығы  және  оның  негізгі  салалары»  атты  сабағымда 

белгіленген өлшемдерге сәйкес, формативті критериалды, өзара бағалауды қолдандым. 

Сабағымда бағалау жүйесін мынадай критерийлер бойынша алдым:  

І. Үй тапсырмасы бойынша: 

   - Сұрақтарға нақты жауап беруі- 10 балл. 

ІІ. Жаңа сабақ бойынша (топтық жұмыс): 

   - Тақырыпты меңгеруі - 10 балл 

   - Топтық жұмыста белсене араласуы- 10 балл 

   - Биологиялық тілмен дұрыс жеткізе білуі - 10 балл 

   - Өзіндік тұжырым жасай білуі - 10 балл 

ІІІ. Қорытынды баға - 50 балл- «5»; 30-40 балл- «4»; 10-20 балл- «3» 

Критерийлер  бойынша,  бағалауда  топта  балдық  жүйені  параққа  қойып  отыратын  көшбасшыны 

оқушыларға  өздері  сайлап алуларын  ұсындым. Оқушылар топтық жұмыста  қай оқушының  түйінді ой 

айтқанын, кімнің тақырыпты меңгергенін серіктестермен әңгімелесу кезінде бақылап, бағалайды.  

Бұрынғы  тәжірибелерімде  оқушы  білімін,  деңгейін  қойған  талаптарыма  қарай  бағалауды 

жазбаша  немесе  ауызша  түрде  баға  қою  арқылы    өзім  жүзеге  асыратынмын,  оқушының  ойы  сырт 

қалатын. Ал бұл сабақта критерийлер қойып, балдық жүйе бойынша оқушылар өздерін бағалады. Бұл 

ретте,  мұғалімдер  жалғыз  бағалаушы  тұлға  болмайтындығына  назар  аударылды.  Оқушылар  өздерінің 

сыныптастарын  және  өздерін  бағалай  біліуге  үйренеді  және  талпыныстары  артады.  Білім  алушылар 

өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыстанады.  

Сонымен  бірге  топтар  арасында  бәсекелестік  арқылы  оқушы  бойында  ұмтылыс,  алға  ілгерілеу 

болады, ал топтық бағалау арқылы ұйымшылдыққа, ұжыммен жұмыстануға үйренеді, бір- біріне сенім 

пайда болады. 

АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың  қабылдауын,  түсінуін 

жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.  

9«а»  сыныбында  «Биосфера  -  тіршілік  қабаты»  атты  сабағымда  АКТ-ның  мүмкіндіктерін 

қолдандым.  Оқушылар  оқулық  бойынша  тақырыпты  талдап  болғаннан  кейін,  жаттығулар  орындау 

кезеңінің  алдында  «Биосфера»  бейнеролигін  көрсеттім.  Мұнда  жалпы  биосфера  тақырыбы  кеңінен 

ашылып,  оқулықта  жоқ  мағлұматтар,  атап  өтсем,  биосферадағы  тепе-теңдіктің  сақталуы,  биосфера 


 

қабаттарында  тіршілік  ететін  ағзалардың  ерекшелігі  туралы  кең  көлемде  қамтылған.  Бейнероликті 



қолданудағы  мақсатым,  оқушылардың  тақырып  бойынша  оқығандарын  түрлі  мысалдармен, 

суреттермен, қосымша мағлұматтармен толықтыру және жүйелеу.  

Оқушылар  бейнероликті  көріп  болған  соң,  сол  тақырып  бойынша  интерактивті  тақтада 

тапсырмалар  орындады.  Мысалы,  бірінші  тапсырма  «Әр  түрлі  геосфераларды  сәйкес  ұяшықтарға 

орналастырыңдар».  Яғни  оқушылар  сәйкес  жауаптарды  ұяшықтарға  орналастырады.  Ал  екінші 

тапсырма «Биологиялық диктант». Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.  

Мұндай тапсырмаларды орындауда оқушыдан жылдам ойлау, жылдам жауап беру талап етіледі, 

оқушы шапшаңдыққа, тез ойын қорытуға үйренеді. 

Сабақтарымда бейнероликтер, электронды оқулықтармен қатар, интернет, активот, wiki беттерін

т.б  ұтқыр қондырғыларды пайдалануға тырысамын.  

Биология  сабақтарында  АКТ-ны  пайдалану  арқылы  шәкірттерімнің  білімін  арттырамын, 

оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етемін, оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауда 

қолданамын.  

Барлық  мұғалімдер  балаларға  білім  беруде  барынша  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізуге 

тырысады. Дарынды, талантты, қабілетті балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе және ойлауды, 

талқылауды, мұқият жоспарлауды талап етеді.    

Сабақтарымда  қабілеті  жоғары  оқушыларды  деңгейлік  тапсырмалар,  топтық  жұмыс,    жеке 

тапсырмалар  беру  арқылы  жұмыстандырдым.  Мысалы,  9  «а»  сыныбында  өткізген  сабақтарымда 

Наурыз,  Ертілек  атты  оқушының  қабілеті  жеке,  топтық,  арнайы  тапсырмаларды  орындау 

жұмыстарында  көрінді.  Топтық  жұмыста    ұйымдастырушылық,  көшбасшылық  қызмет  етумен  қатар, 

көміртек  айналымын  талдап,  спикерлік  қызмет  атқарды.  Сонымен  бірге,  ауадағы  газдардың 

тұрақтылығын таразыға тең көлемде орналастыру суретімен бейнелеп, ойының ұшқырлығын көрсетті. 

Оның  бұл  ойын  сыныптастары  жоғары  бағалады.  «Әлемдік  экологиялық  проблемалар»  тақырыбында 

үй  жұмысына  слайд,  презентация  дайындауға  жеке  тапсырмалар  берген  кезде  де,  Ертілек  келесі 

сабаққа өте жақсы тақырыпқа сай презентация дайындап келді. Экологиялық проблемалардың адамға, 

жануарларға,  тигізетін  әсерін  сипаттап,  нақты  тұжырым  жасай  алды.  Оның  слайдтарын  сынып 

оқушылары  қызыға  тыңдады  және  олар  үшінде,  Ертілектің  берген  ақпараттарының  құнды  болғанын 

байқадым. 

Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқуға  тоқталсам,  біздің  мектептерде 

сынып оқушылары көбіне бір жас шамасында болады. Ал, Квинслендте аралас жастағы оқушылармен 

қамтылған  сыныптары  бар  мектептер  көптеп  кездеседі.  Кейбір  жекелеген  мектептер  өздерінің 

сыныптарын әдейі әртүрлі жастағы балалардан құрады. 

Мұғалімдер мен балалар үшін қандай артықшылықтар бар? 

Зерттеу бұл тәсілдің әртүрлі жастағы сыныпта оқу және оқыту  үдерісіне қатысатын мұғалімдер 

үшін  де,  балалар  үшін  де  артықшылығы  бар  екенін  көрсетті.  Зерттеу  артықшылығы  -    мұндай 

топтардағы  білім  беру  бағдарламасы  тұтас  сипатқа  ие  болатындығы,  бала  ерекшеліктеріне  сәйкес 

келетіндігі, балаларға алдағы жұмыс үшін қажетті түсіну, қабілет және бейімделе білу ерекшеліктерін 

ескеретіндігі.  

Әртүрлі  жастағы  топтардың  жұмысында  кішкентай  балалар  ересек  балалардың  жағымды 

әрекеттерін, олардың қабілет деңгейлерін үлгі тұтып, олардан үйренеді. Сонымен қатар ересек балалар 

жауапкершілікті сезініп, өз білімдерін беруге және қолдануға мүмкіндік алып, кішкентай балалар мен 

мұғалімдердің оларға артқан үміттерін ақтауға тырысатын болады.  

Білім беру сияқты оқытудағы басқару және көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін 

негізгі  қабілеті  болып  табылады.  Мұғалімнің  көшбасшылығын  дамыту  жұмыстары:  іс-  тәжірибені 

жетілдіру  жұмыстарын  өз  қолына  алу;  өзгерістер  енгізу  үшін  әріптестерімен  стратегиялық  шешімдер 

қабылдау;  бірігіп  жұмыс  істеуде  фактілерді  жинау  және  қолдану;  кәсіби  білімді  құру  және  таратуға 

атсалысу.  

Көшбасшылықты  дамыту  бойынша  жұмыс  мектепте  жаңа  білімді  қалыптастырады,  дегенмен 

мектептен  тыс  жерде  алынған  жаңа  білімдерді  беру  де  мұғалімнің  өз  мектебіне  орасан  зор  пайдасын 

тигізеді.  

Әрине  біз  ұстаз  баладан  көп  нәрсені  күтеміз.  Бірақ  баланың  жаны  нәзік.  Барлық 

оқушыларымыздың сабаққа қатысуын қаласақта, кей оқушыларымыздың тыс қалып жататыны рас.  Әр 

сабағымда  барлық  баланың  білімі  көрініп,  бағаланып,  бар  баланың  сөйлегенін  менде  қалаймын.  Ал 

жаңа  форматтағы  біліктілікті  арттыру  курсында  үйренген  жеті  модульді  сабақтарға  енгізу  осы 

келеңсіздіктерді шешуге көп көмек береді деп ойлаймын.  

 

Әдебиеттер 



 

1.  Мерсер, Литлтон- [ Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл ], 2007. 

 



2.  Барнс- [ Сыныптағы тіл және білім беру ], 1971. 



3.  Мұғалімге арналған Нұсқаулық. www.cpm.kz 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет