Сабақтың аты температура. Температураны өлшеу тәсілдері Жалпы мақсаты



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі31,33 Kb.
#13200
түріСабақ
  1   2   3

Физика

Уақыты:

Кабинет:

Сабақтың аты

§2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері

Жалпы мақсаты

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы мағлұмат беру

дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу, температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельций және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру



Күтілетін нәтиже

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы мағлұмат алады

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді





Мұғалімнің әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.



Үй тапсырмасын пысықтау


Қызығушылықты ояту:

«. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

2. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

3. Кімнің құрметін броундық қозғалыс деп аталған және не себепті?

4. Диффузия дегеніміз не?

5. Диффузияға мысал келтір.

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)


  1. Температура нені сипаттайды?

  2. Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?

  3. Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?

. Топтық жұмыс «Ассоциация құру


Температура

Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу, автордың өлнеңдегі сипаттамасы бойынша сипаттау Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.




Жаңа сабақ

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура - дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердің түрлері. I. Сұйық термометрлер.


а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;
б) спиртті термометр, өлшеу шегі
в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)
г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.
Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 0С - қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?

V. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет