Сабақтың жоспары: «Амандасу»



Дата20.01.2023
өлшемі16,2 Kb.
#62058
түріСабақ


Мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтер
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш – қуат жинау, өзін – өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Сабақтың жоспары:

  1. «Амандасу» жаттығуы

Мұғалімдер бір-бірлерімен мимика арқылы амандасып алады.
«Құпия сөздер» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби
Уақыты: 15-20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардыңміндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.


1) 18 8 28 34 38 18 21 17 38 23 24 28 23 26
14 8 23 8 14 25 38 5 38 18 3 38 16 5 8 18 1 7 1 17, 14 8 11
14 8 16 5 8 18 10 16 7 1 13 1 25 21 25 8 22 3 8 23 8
1 16 1 7 37.
2) 3 1 15 37 25 – 20 16 26 1 13 37 17 – 15 1 13 6 37 24 37 11 21 17 38 23 8 17 8 24, 3 1 15 37 25 – 20 16 10 1 18 18 37 19 14 27 13 38.
3) 3 1 15 37 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 37. 20 18 37
27 24 25 1 26 6 1 25 37 23 37 24 15 1 18 24 1 13 37 18 15 20 16 7 1 18
24 37 23 6 12 3 8 23 8 7 38.


Кілті:
1) Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген жағдайға төтеп бере алады.
2) Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
3) Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді.
Автопортрет жаттығуы
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшіөзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...



Плакатпен жұмыс
1.Бүгін сағат 6 да кинотеатрға барамыз!
2. Ертең кешке 8 де кафеге тойға барамыз!
3. Бүгін мектепте сағат 15.00-де педкеңес болады!
« ИӘ», « ЖОҚ» , « БІЛМЕЙМІН» ойыны

  1. Сіз осы мектепте жұмыс істейсіз бе?

  2. Осы мектепте сіз өзінізді жоғары деп есептейсізбе?

  3. Осы мектепке аптаның қай күні қай сағатта ,қай минутта жұмысыңызды бастадыңыз. ?

  4. Сізге осы мектептің оқушылары ұнайды ма?

  5. Мектеп жабылғаның қалайсызба?

  6. Осы тренинг нешеде аяқталады деп ойлайсыз?

  7. Мектепке өз еркімен келесізбе ?

  8. Жұмысқа күнде қуанышты келесізбе ?

  9. Жұмысқа келер уақытта ұйқыңыз қанып келеме ?

  10. Жұмыс уақытыңыз өзіңізге ұнайды ма ?

  11. Мектепте 1000 оқушы болады деп ойлайсызба ?

  12. Мектепке жаңадан өзгерістер қажет деп ойлайсызба?

  13. Оқушыларға БЖБ, ТЖБ тиімді деп ойлайсызба?

  14. БЖБ, ТЖБ алынып бұрыңғы формат болғаның қалайсыз ба?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет