Сабақтың көрнекілігі: с уреттер, интерктивті тақта, маркерлер, А4 қағаз, карточкалар, борлар. Сабақтың барысы



Дата13.03.2023
өлшемі1,59 Mb.
#73818
түріСабақ

Тақырыбы: «Ой мен ойын»


Мақсаты: Білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасауға үйрету. Олардың білімдерін одан әрі шыңдау және сабақта жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын ояту. Білім алушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, сөздік қорларын дамыту.Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.


Мерзімі: 01.02.2023


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерктивті тақта, маркерлер, А4 қағаз,
карточкалар, борлар.


Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:


Педагог: Армысыздар, құрметті ұстаздар, білім алушылар!Бүгін өткелі отырған «Ой мен ойын» жарыс сабаққа қош келдіңіздер! Қазір білім алушылар «Достық» және «Ынтымақ» топтарына бөлінеді. Топтар жылдамдыққа әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Қай топ мүшесі тапсырма жауабын тез әрі дұрыс айтса, сол топқа 1 ұпайдан беріледі.


Сабақтағы ережелермен таныс болайық.

  1. Қолымызды көтеріп жауап беру.

  2. Бір-біріміздің сөзімізді бөлмей, соңына дейін тындау.

  3. Тыныштық сақтау.

  4. Белсенді болу.



Жарыс 5 айналымнан тұрады.
І. «Есепте» (Тақтада берілген есептер дұрыс болатындай, бос жерге тиісті санды қою)
1) 220+125+40-60= 325
2) 416+503-222= 697
3) 100*3-295+ 671-308= 368
4) 200*5-612+308= 696
5) 6*20+520/2+100= 480
ІІ. «Ойлан тап» (Тақтада көрсетілген суреттерде жасырылған мақалды тап)

  1. 7 рет өлшеп, 1 рет кес.



  1. Білім инемен құдық қайғандай.



  1. 100 теңгең болғаннан, 100 досың болғаны артық.



  1. Әке – асқар тау.



  1. Көз қорқақ, қол батыр.


ІІІ. «Суретті жалғастыр»
Білім алушылар жеке-жеке шығып, тақтада берілген суретті жалғастырады. Сурет салуға 20 секунд уақыт беріледі. Егер сурет мағыналы болса, топқа 1 ұпай беріледі.









IV. «Ептілік пен жылдамдық»
Білім алушыларға 3 парақ беріледі. Олардың міндеті парақтарды бірінен кейін бірін алдыға жылжытып, қолдың суреті бар параққа бірінші болып жету.


V. «Оқи аламын!»
Білім алушылар жаңылтпаштар оқиды. Жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс оқу қажет. Дұрыс оқыған білім алушыға 1 ұпай беріледі.
Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.


Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым — жылдым естім.

Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.


Үшкір тұмсық
Үш шымшық,
Үстірттен ұшты
Үш құрт шымшып.


Қорытынды: Сабақ барысында білім алушылар жауап беріп, ұпайларды жинап болғаннан кейін, екі топтың ұпай саны саналады. Ұпай санына байланысты, жеңімпаздар анықталады.


«Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығы


«Ой мен ойын»
(Жарыс сабақ)
«Зерек» үйірмесі



Педагог: А.Т Дүйсембаева
2023 жыл.

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет