Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құрылғымен таныстыру. Білімділік


Өткен материалды қайталау сұрақтары



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі19.93 Kb.
#15690
түріСабақ
1   2   3
Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Бірінші электронды – есептеуіш машина қалай аталған?

  • «Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?

  • Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  • ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

  • Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады


Жаңа түсініктер:

«Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер – деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында IBM PC типті ДК - лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК – лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК – нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh ДК – сі. Бірақ ДК – лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу және адаммен қарым – қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін,үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары,құлақкалка, микрофон, модем, сканер, манипулятор: «маус», трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі – жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

ДК (дербес компьютер деп аталынуы – бір – ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез – келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айнадыру.

Жүйелік блок – мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып, өшіру батырмасы, дискжетек, компакт – дискіні оқитын CD – ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD – ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді.

Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет