Сабақтың мақсаты: Ареометрдің көмегімен ерітінділердің тығыздығын анықтау Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі145,7 Kb.
#23198
түріСабақ
  1   2   3

7 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Ерітінділер. Ерітінділер концетрациясы. Электролиттер. Белгілі концентрациялы ерітінділер дайындап үйрену. Титрлер әдісі бойынша ерітінділер концентрациясын анықтау.

Берілген концентрациясы бойынша ерітінділерді дайындау


Сабақтың мақсаты: Ареометрдің көмегімен ерітінділердің тығыздығын анықтау
Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:

Стакандар, пробиркалар,ареометр, 22% NaCl ерітіндісі


Қысқаша теориялық мәлімет
Ерітінділер еріген зат және ерігіштен тұрады. Еріткіш деп концентрациясы басқа компенеттерден жоғары компонетті айтады. Ерітінді үзілгенде еріткіш өзінің фазалық күйін сақтайды. Табиғатта таза зат өтте сирек кездеседі, көп заттардың бәрі де қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады.

Екі немесе оданда көп заттардың өзара біркелкі араласуы нәтежесінде түзілген өн бойында қасиеті бірдей жүйелер ерітінділер деп аталады.

Әр заттын өзіне лайықты ерігіштігі болады, сондықтан әр түрлі заттың суда ерігіштігі әр түрлі. Ерітінділердің құрамы , химиялық қосылыстардағыдай тұрақты емес, үздіксіз өзгеріп отырады ( анықталған бір шеңберде ғана).

Қарапайым ғана өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген сусындар, мысалы, жер бетінің ауқымды бөлігін алып жатқан мұқит, теңіз сулары, сонымен қатар шай (еріткіш – қайнаған су, ал ерітін зат – құрғақ шай), тұз суда еріген ерітінді және т.б. ерітінділерге мысал бола алады. Теңіз, мұқит суларының кермек болуыда, олардың құрамында түрлі тұздардың еру нәтежесі болып табылады.

Заттардың ерімталдығы еритін зат пен еріткіштің, температура мен қысымның табиғаты едәуір ықпал етеді.

Барлық заттар судағы еріткіштерді бойынша келесідей бөлінеді: жақсы ерімтал (қант, С2Н5ОН, Н2SO4,NH3HCI және т.б.);



аз ерімтал (N2, O2, CaSO4 және т.б); мүлдем ерімейді (көптеген металдар, асыл газдар, CaCO3, BaSO4, AgCI және т.б).

Сұйық ерітінділер — еріткіште бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көз қарас бар:

Бірінші тұрғыда ғалымдар Я. Вант-Гофф, С. Арениустар еру құбылыстарын таза физикалық құбылыс деп санайды. Екінші тұрғыда Д.И.Менделеев еруді химиялық құбылыс деп қарастырады.

Нақты жақдайлардың орын алуына байланысты аталған екі көзқарастың да өзіндік жүйелі жерлері бар.

Жалпы ерітінділер түзілу барысыында физикалық та химиялық та өзгерістер орын алатындықтан оларды бөле жара қарамай жан-жақты қарастырған жөн.

Мысалы, күкірт қышқылының өзі күкірт (VI) оксидінің сумен қосылу реакциясы нәтежесінде түзіліп отырып, ол соңынан еру барысында су малекулаларымен әрекеттесіп химиялық қосылыстарға тән гидраттар H2 SO4*H2O; H2 SO4*2H2O және H2 SO4*6H2O түзеді.

Химиялық байланысты ковалентті полюсті болып келген хлорлы сутек суда еру барысында сутек катиондарына және хлор аниондарына ыдырайды. Жалпы еру процесі өте күрделі құбылыс.

Қатты заттардың көпшілігінің ерігіштігі қыздырғаннан өсетін болғандықтан, олардың қанық ерітінділерін салқындатса, артық зат кристалданып бөлініп шығады. Бірақ кейбір заттарда ерекше қасиет болады, мысалы Na2SO4 қанық ерітіндісін еппен өте баяу салқындатса, ондағы еріген заттың артығы бөлініп шықпайды. Мұндайда аса қанық ерітінді, яғни сол температурадағы ерігіштігіне сәйкіс еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген кезде күйде ұстайтын ерітінді түзіледі; аса қанық ерітінділер тұрақсыздау болады, мысалы оның ішінде еріген заттың артығы бөлініп шықпайды. Мұндайда аса қанық ерітінді, яғни сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстайтын ерітінді түзіледі; аса қанық ерітінділер тұрақсыздау болады, мысалы оның ішінде еріген заттың немесе кристалдық түрі ұқсас заттың, кішкене кристалын салса, артық еріген зат түгел, тез кристалданады; аса қанық ерітінділерді алғаш ашып зерттеген біздің еліміздің академигі Т.Е.Ловиц.(1794).

Сұйықтардың да көпшілігі суда ериді. Кейбіреулерге мысалы, глицерин, спирт т.б. сумен кез-келген көлемде араласып, бірінің ішінде - бірі шексіз ериді, басқа біреулері, мысалы эфир, белгілі мөлшерде ериді, бірақ температура көтерілсе, бір-біріне еру күшейіп, ақырында белгілі температурада бір-бірінде шексіз ериді.

Еріген зат кейбір еріткіштерде қосарланып жүруі ықтимал. Бұл жағдайда жоғарыдағы теңдік қай еріткіште қосарланып жүргеніне сәйкес концентрация мәні түбірге алынады.

Концентрация дегеніміз  ерітіндінің белгілі масса мөлшеріндегі немесе көлеміндегі еріген заттың масса мөлшері.

Проценттік концентрация 100г ерітіндідегі еріген заттың грамм санымен өлшенеді. Сонымен ерітіндінің проценттік концентрациясын табу үшін 100грамм ерітіндіде неше гармм еріген зат бар екенін табу керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет