Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#41305
түріСабақ



Сабақтың тақырыбы: Интернет мүмкіндіктері. Интернет желісінде ақпаратты іздеу. Internet Explorer интернет шолушысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «интернет» ұғымымен,интернеттің
негігі қызметімен, адресімен, жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере
отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту, өзіндік іс әрекетін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылығын арттыру.
Тәрбиеліклік : Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұ- мыс жасауға, сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс, шығармашылық
Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиалық диапроектор, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1.Кабинет жабдығын, сынып оқушыларын түгендеу.
2.Есеп журналын толтыру, компьютерге идентификация жасау.
ІІ. Жаңа сабақты хабарлау, түсіндіру.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі сыртқы құрылғылар мен байланыс жасауға арналған тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер,коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Интернет – (ағылшынша Internet – желі аралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамассыз ететін желілер жиынтығы. Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құрылған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет адамзаттың ақпараттық технология саласындадағы жеткен жетістіктерінің бірі.Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желенің басқа бөліктері мен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады.
Интернеттің қызметтері :

  1. Интернет поштасы.,2) телеконференциялар,3) Web (WWW) қызметі.

1)Интернетке қосылған кезде тұтынушыға электрондық пошталық адрес тағайындалады. Әрбір адреске келіп түскен хаттар осы жәшікке келіп түсіп, сақталып отырады.
2)Интернеттің бұл қызмет түрі электрондық поштанын дамуы нәтижесінде пайда болған. Ол жаңалықтар тобы деп те аталады.
3)Интернеттің ең қарапайым өте кең тараған қызмет түрі болып табылады.Көбінесе оны тек Wep деп атайды. Wep парақтар адрестері . Әрбір Wep парақтың өзі, жеке Wep құжат болып табылады. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Wep құжат оқу үшін арнайы программа болу керек. Мұндай программаларды Wep – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.
ІІІ.Компьютермен жұмыс.
Енді осы айтып өткендерімізді нақтылап көруіміз үшін Алдымызда тұрған электронды оқулыққа қаралық.. (компьютермен жұмыс) Интернет тақырыбын ашып танысып , жанбітірім бөлімдеріне көңіл бөлелік. Үйімізде интернет желісін қалай қосуымызға болады сол турулы тыңдап көрелік.






ІV.Тапсырмалар орындау
Енді интернет желісі мен теориялық тұрғыда танысып болсақ, онта тәжірибие түрін де жұмыс жасап көрелік. Барлығымыз интернет браузерін ашып Google.kz сайттын енгізіп іздеу жүргіземіз. Тақтада көрсетілген материалдар бойынша жеке жұмыс жүргіземіз. Іздеген жұмысымызды тапқан болсақ сол материалды көшірмелеп Word терезесіне түсіреміз.
V.Қорытындылау.
Міне интернетте іздеу жұмысыменде таныстық. Енді бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді тексеріп көрелік, ол үшін электронды оқулығымызды ашып тест тапсырмасын басалық. 25 сұрақтан тұратын тестті орындап қанша пайыз жинағандарыңызды айтамыз.


VІ. Үйге тапсырма.
Оқулықтағы «Компьютерлік желілер» тақырыбын оқып келу.Келесі сабақта электронды пошта мен жұмыс жасау болғандықтан өз пошталарына атау ойлап келу, хат жазу мәтінің құрап келу.
VІІ. Бағалау.
Крассворд бойынша және сабаққа қаншалықты қатынасқаны бойынша бағалау. Сабақ аяқталды сау болыңыздар!
Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға компьютерлік желілер туралы мағұлмат беріп, оқушылардың білімін тексеру.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар компьютерлік желілермен еркін байланыс жасайды;
2. Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі;
3. Электрондық пошта құра алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет