Сабақтың мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар туралы жалпы ақпарат беру. Міндеттері



Дата20.09.2022
өлшемі23,41 Kb.
#39583
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар
Сабақтың мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар туралы жалпы ақпарат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Студенттерді ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.


Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 та-рауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды:

  • инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды;

  • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.

Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:
баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;
мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;
өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).
Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2%ы білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыру-әдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ЕБҚ) -даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақтынемесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білімалуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
Білім алу үшін арнайы жағдайлар -ерекше білім берілуіне қажеттілігібар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болМамыртын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
Психологиялық- педагогикалық қолдау -педагогтар мен мамандардыңжүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Проектирование корекционного обучения дошкольников с общим недоразвитием речи, М. С.Грушевская, Э.Р.Амирова, Н.Н.Досанова, Г.М.Итекова, В.И.Тутарова Н.А.Субботина,Н.В. Янова I-II часть. Алматы 2010ж
2.Арнайы мектепте математика пәні бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. .И.Г.Елисеева Алматы, 2010ж
3.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж
4.Дефектология №2, 2014
5. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту. Жармұхамбетова А.Қ, Халықова Б.С


Үйге тапсырма: Дәрісті оқып, «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар» тақырыбында эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет