Сабақтың мақсаты: Комплексті қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу



Pdf көрінісі
Дата26.11.2022
өлшемі116,12 Kb.
#52778
түріСабақ


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ 
Комплексті қосылыстар 
Сабақтың мақсаты: Комплексті қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу 
№1 Тәжірибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және 
оны зерттеу. 
Пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін 
құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол 
біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты 
комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар.
Теңдеулер мен қорытындыға 6-7 жол орын қалдырыңдар. 
№2 Тәжірибе. Калий гексациано(III)ферратының диссоциациясы 
Екі пробиркаға 2 мл қызыл қан тұзын K
3
[Fe(CN)
6
] құйыңдар. Бірінші 
пробиркаға бірнеше тамшы калий роданидін, ал екінші пробиркаға бірнеше 
тамшы сілті қосыңдар. №2 және №3 тәжірибелер нәтижесін салыстырыңдар. 
Калий гексациано(III)ферраты қос тұз ба, әлде комплексті тұз ба екені жайлы 
қорытынды жасаңдар. Оның диссоциация теңдеуін жазыңдар. 
Теңдеулер мен қорытындыға 9-10 жол орын қалдырыңдар. 
№3 Тәжірибе. Алмасу реакциясындағы комплексті қосылыстар 
Пробиркаға 1 мл темір (ІІ) сульфатын құйып, үстіне бірнеше тамшы қызыл қан 
тұзын K
3
[Fe(CN)
6
] құйыңдар. Турнбуль көгі Fe
3
[Fe(CN)
6
]

көк түсті 
тұнбасының түзілуін бақылаңдар. Бұл реакция қандай ионның болуын 
көрсетеді? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. 
Теңдеулер мен қорытындыға 9-10 жол орын қалдырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет