Сабақтың мақсаты Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту



бет1/38
Дата15.11.2022
өлшемі133,32 Kb.
#50170
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


I МОДУЛЬ
1 сабақ
Тақырып: Автоматтандыру туралы түсінік
Сабақтың мақсаты 1. Лексикалық тақырып бойынша кіріспе және бекіту
мен міндеттері: 2. Орнықты сөз тіркестерімен жұмыс
3. Мәтінді оқу және сөздіктің көмегімен аудару
4. Сұрақтарға сай мәтіннің түсінігін айту
Сөздік.

  1. Автоматтандыру-автоматизация

  2. Процесс-үрдіс

  3. Ақпарат-информация, сведения, сообщения

  4. Қоғам-общество, община

  5. Әлеуметтік-социальный

  6. Нарық-рынок

  7. Несие-кредит, долг

  8. Инвестиция- қаржы салу(бір іске, кәсіпке капитал салынуы)

  9. Талап- стремление, цель, желание

  10. Түрлендіру-преобразовать

  11. Анықтаушы-выясняющий, определяющий,уточняющий

  12. Ғылым-наука, учение

  13. Әдіс-метод, прием, способ

  14. Есептеу-считать, подсчитывать, учитывать

  15. Бақылау-наблюдать, следить

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар


Автоматтандыру туралы түсінік
Автоматтандыру процесінің өндіріс саласында, соның ішінде, мұнай газ саласында, ғылым мен техниканың өзекті мақсаты болып табылады. Сондықтан автоматтандыру, өндіру және түрлі автоматтандырылған жүйені енгізеді және өндірісті шұғыл басқаруға әсер етеді.
Автоматтандыру – микропроцессорлық, ақпараттық – есептеуіш және компьютерлік жүйелері арқылы адамның физикалық еңбегінің процесін жеңілдетеді.
Автоматтандыру дегеніміз - автоматтандыру, технологиялық қолдану әдісі, экономика- әдіс және басқару жүйесі, адамды алу нәтижесінен толық босатады Беру және қолдану энергиясын, материалдар немесе көп көлемдегі өңделген ақпараттар.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.
Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
Автоматтандыру – ғылыми функциялық басқару элементінің кең таралған түрі. Автоматтандыру өз кезегінде техникалық кибернетиканың бір түрі. Техникалық кибернетика өте қиын автоматтандыруды басқару жүйесін компьютерлік әдіспен оқытады.

Автоматикалық басқару ХIХ ғасырдың соңында кең қолданыла бастады. Негізгі қолдану әдісі есептеу техникасы және ақпараттық жүйе барысында жүзеге асады. Автоматтандырудың өзі екі бөлімнен тұрады: ақпараттық және есептеу.


Техникалық есептеу кешендік компьютерлік әдісін ұсынады. Оған бағдарламалық есептеу және локальдық желіге арналған арнайы техника, дүниежүзілік желілерге қосылу, тіркеу бөлімі, жиналу және көрсету ақпараттары жатады.
Ақпараттық жүйесіне сырттай ақпараттармен қамтамасыз ету кіреді. Базалық жүйе әдетте белгілі бір класқа ғана берілген. Автоматтандырумен қамтамасыздандырылған көптеген әдіспен, яғни есептеу техникасымен, сол белгілі бір ақпаратты шығарып, өңдеу және сонымен қоса экранға шығару. Мұның жұмыс істеу қабілеті жоғары сапалы жүйемен жұмыс істейді. Жалпы, автоматтандыру қазіргі кезде дамып келе жатқан жоғарғы техника. Қазіргі таңда бүкіл өнеркәсіп орындарында қойылып жатыр. Өйткені шығаратын өндіріс затын сапаға сәйкес шығару керек. Ол бір ғана компьютермен бақыланады, және де бұл өте қолайлы да, әрі тиімді. Демек, ол бүгінгі заманның талабы.
Автоматтандырутехникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.Беру және қолдану энергиясын, материалдар немесе көп көлемдегі өңделген ақпараттар.

Автоматтандырылады




технологиялық, энергетикалық, транспорттық және тағы басқа өндірістік үрдістер



өнеркәсіп, жоспарлау және басқару цехы, кәсіпорын, құрылыс, әскери нысан, қосу және т.б.



ғылыми іздеулер, медициналық және техникалық диагностика, бағдарламалау, инженерлік есептеулер және т.б.



Автоматтандырудың мақсаты – жұмыс уақытын үнемдеу, оптимизациялық басқару, адамның денсаулығына зиянды жұмыс уақытынан босату.
Автоматтандыру – ғылыми техникалық үрдістің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет