Сабақтың мазмұны : Дене және мойын бұлшықеттері. Бас бұлшықеттері. Қолдың бұлшық еттері



бет4/5
Дата25.10.2022
өлшемі293,07 Kb.
#45287
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қаңқа бұлшықетіне тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі шоғырланып (топтанып) орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұлшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді
Бұлшықеттердің топтары, қасиеті, қажуы, гигиенасы
Бұлшықеттер пішініне, денеде орналасуына, талшықтарының бағытына, атқаратын қызметіне, буынға бекінуіне қарай топтастырылады (жіктеледі):
Орналасуына қарай бұлшықеттердің шеті біреу немесе бірнешеге ажырайды. Осыған байланысты бірбасты, екібасты, үшбасты, төртбасты бұлшықеттер деп атайды. Кейбір бұлшықеттердің талшықтары шеңберлене орналасады, мысалы, ауыз қуысының, артқы тесіктің бұлшықеттері. Пішіндеріне қарай бұлшықеттер ромбы, трапеция, төртбұрышты деп бөлінеді. Мөлшеріне қарай – ұзын, қысқа, үлкен, кіші делінеді. Ет талшықтары шоғырларының бағытына қарай қиғашкөлденең бұлшықеттер деп аталады. Бұлшықеттердің атқаратын қызметі: бүгу, жазу, айналдыру, көтеру. Буындарға бекінуіне қарай бұлшықеттер бір буынды, екі буынды, көп буынды болады.
Бас пен мойынның бұлшықеттері.Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.
Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді.
Арқа бұлшықеттері:
1) трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді.
2) ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет