Сабақтың нөмірі: 11 1в адам. Жер. Ғалам Сабақтың тақырыбы: Тіршілік ету жағдайлары



Дата14.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#25472
түріСабақ

Жаратылыстану пәні бойынша 5 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: 11

5.1В Адам. Жер. Ғалам

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік ету жағдайлары
Мақсаты: 5. 2. 4 .2-тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау.
Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну: Жердегі тіршілік ету жағдайларымен танысады;

Талдау: Тіршіліктің дамуын кезеңдерге жіктейді;
Қысқаша конспект

Жердегі тіршілік ету жағдайлары

Жер бетіндегі ең алғашқы тіршілік 3,5 миллиард жыл бұрын сулы ортада пайда болғанын дәлелдеді. Алғашқы балдырлар, медузалар, маржандар, теңіз лала гүлдері 500 млн-дай жыл бұрын пайда болған. Қолайлы орта 350 млн жыл бұрын жер үстінде алып қырықжапырақтарға, қырықбуындарға және плаундардың өсуіне мүмкіндік берді. Одан кейін алғашқы құрлық жануарлары – ертедегі қосмекенділер (олар суда және шөлде тіршілік етті) пайда болған. Олардан алғашқы бауырымен жорғалаушылар пайда болды. 225 млн жыл бұрын Жерде динозаврлар заманы басталады. Бұл кезеңге қарай гүлді өсімдіктер, құстар, сүтқоректілер пайда болып, тарала бастады. Жердегі тіршіліктің пайда болуы бірнеше миллиард жылға созылды.

Жердің бетіндегі алғашқы тіршілік иелері: цианобактериялар, динозаврлар, мамонттар, алып кесіртке, алып тасбақалар, су жануарлары және алып инеліктер.





«Жерде тіршілік ету жағдайлары?» деген сұраққа оқушылар сурет салу , карта-сызба, мүсіндеу арқылы көрсете алады.

«Тіршілік» деген сөзді қалай түсінесіздер?

(Бейне баянды көру)

https://youtu.be/RRlyInjtobM

Тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды сипаттайды,салыстырады.





Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=sNIU1CfLB98
bilimland.kz, жаратылыстану 5-сынып «Атамұра » баспасы, 32-35 беттер.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы онлайн мектеп немесе басқа қосымшалар арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет