Сабақтың smart мақсаты: Оқушылар адамзаттың геосфераға тигізетін кері әсеріне баға береді Бағалау критерийі



Дата01.12.2022
өлшемі0,95 Mb.
#54273
түріСабақ

Тақырыбы: Геосфералардың ластануы
Оқу мақсаты: 10.3.2.3. геосфералардың ластану деңгейін анықтап,себеп-салдарын зерттеу
Сабақтың SMART мақсаты:
Оқушылар адамзаттың геосфераға тигізетін кері әсеріне баға береді
Бағалау критерийі:
  • Адам әрекетінен пайда болған атмосфералық қауіп-қатерлерді түсіндіреді.
  • Адам әрекетінен пайда болған гидросфералық қауіп-қатерлердің шешу жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсаттар:
  • Оқушылар адам әрекетінен пайда болатын литосфералық,биосфералық құбылыстарды сипаттап анықтайды.
  • Топта талқылайды.
  • Бір-бірімен пікір алмасады.
  • Диаграмма сызады, термин сөздерді жазады.

Құндылықтарға баулу:
Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру жәнежауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

САБАҚТЫҢ БАСЫ

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушылар «Шаттық шеңбер»құра отырып,оқушылар өзінің есімінің бас әріпінен басталатын әріптен бір-біріне тілек айтады.

Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлемін (гидросфера,атмосфераның бейнеленген суреттер таратылады) Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.


Үй тапсырмасы:
«Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ қою арқылы үй жұмысын сұраймын.
Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Конверттегі сұрақтар:
1.Литосфераның ластануының ғаламдық мәселелері.
2.Топырақтың экологиялық бүлінуі, топырақ эрозиясы деген не?
3. Топырақ эрозиясының пайда болу себептері қандай?
1.Биосфераның ластануы
2.Биосфераны ластайтын заттар
3.Ластану түрлерінің жіктелуі

Сабақтың ортасы

Дескриптор:
1.Атмосфералық ауаның былғану көздерін және дәрежесін анықтайды. 2 балл
2.Гидросфералық былғану көздері мен дәрежесін анықтайды. 2 балл

1 – тапсырма
Топтық жұмыс. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі
1-топ:Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі
2-топ:Гидросфералық былғану көзі және дәрежесі
Атмосфераның ластануы видеосы
Гидросфераның ластануы
Сабақтың соңы
1.Атмосфераның шығу себептері мен салдарын анықтайды.
2.Гидросфераның шығу себептері мен салдарын анықтайды.
Үйге тапсырма: &35-36 оқу, гидросфераның ластануы мен атмосфераның ластануы жайлы эссе жазу (70 сөз)
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет