Сабақтың тақырыбы : Ағаш өңдеу



Дата07.01.2022
өлшемі17,27 Kb.
#20506
түріСабақ

Күні: 04.10.2020

Сабақтың тақырыбы:Ағаш өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Ағаш өндейтін құрал - саймандардың түрмері мен негізгі бөліктерімен таныстыру.Ағаштан жасалатын бұйымды өндеу әдіс - тәсілдерін үйрету,меңгерту.Жасалатын бұйымды технологиялық карта бойынша жасауға қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігің, іскерлігін дамыту,жұмысты өз бетінше орындап ептілік денгейін көтеруге баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,әсемділікке, төзімділікке, үнемшілдікке тәрбиелеу, кез - келген ісін аяқтауға үйрету.

Көркемшілік: Плакат қауіпсіздік ережесі бойынша, Технологиялық карта, Дайын бұйым, үлгі ара,сүргі бұрғы қашау.

Керекті құрал - жабдықтар ағаш тақтайша 200x400.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Оқыту формасы : толық жұмыс, "шеберлер" тобы,"балашақ" тобы.

Пән аралық байланыс: сызу өнері, биология, тарих.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын сұрау:

а.Ағаштың қаңдай қасиеттері болады?

б.Ағаштың жасын қалай білеміз, ол қандай бөліктен тұрады?

в.Ағаштың құралдарын ата?

.Қазақ халқы ағаш ұсталығымен айналысатындарды шартты түрде нешеге бөлген. Өткен сабақты қорытындылау.

Жаңа сабақ. Бұрын қолөнер шеберлеріне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп мезгілінде кептіріп отырған.Мысалы үйшілер үйдің сүйегіне қанат кереге,уық,шаңырақ жасайтын,ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген сонымен қатар ежелгі шеберлер ағашты кептіру тәсілін өте қарапайым түрде пайдаланған. Бүгінгі күнде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ Ағашты өндеу оған ою - өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен біз еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін дайын тақтайды кесуді, тегістеуді, қашауды, ойып өрнек салуды үйренеміз. Әрине бұның бәрін құрал - саймансыз жүзеге асыра алмаймыз.

Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал - саймандармен танысайық. Ағаш өңдеудің негізі ара.

Сүргі жеті негізден тұрады.Бұрғы негізге бұйымға өткерме және өткерме емес тесік жасау үшін қолданылады. Иінді білікті бұрғы, қол ара. Сенгі білікті бұрғы 5 бөлімнен тұрады. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механикалық құрал - саймандарға электр ара, электр сүргі, бұрғы электрлік және аневматикалық ашарма аспаптар.

Жаңа сабақты бекіту:

а.Бұрынғы қол өнер шеберлеріне ағашты кімдер даярлаған?

б.Сүргі қанша негізден тұрады?

в.Бұрғының негізгі бөліктерін ата?

Сарамандық жұмысты бастау,қолданылатын шикі заттарды веретаққа орналастыру. Сүргінің пышағын әр оқушыға алып салу тәсілін өздеріне орындату. Бөлгіш тақтайшаны технологиялау карта бойынша үлгіні пайдалана отырып жасаймыз.200х400 мм. тақтайды пайдаланамыз.



Жаңа сабақты және сарамандық жұмысты қорытындылау : Сүргі қанша негізден тұрады? Қашаудың сабындағы сақина не үшін қажет? оқушылардың жасаған жұмыстарын салыстырмалы түрде, берілген сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланды.

Тексерілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н. Пияшова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет