Сабақтың тақырыбы : Өрт қауіпсіздігі. Сабақтың мақсаты мен міндеті: Білімділік



бет1/6
Дата23.02.2022
өлшемі19,03 Kb.
#26179
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі»
Сабақтың тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты мен міндеті:



Білімділік:Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

Дамытушылық: ой-өрісін, дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.

ә) оқушыларды түгендеу

ІІ. Өткенді пысықтау, жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Өрт қауіпсіздігі.

Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.


Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.

Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.


Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет