Сабақтың тақырыбы: 10 саны / Менің сыныбым Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/3
Дата27.10.2022
өлшемі166.33 Kb.
#45783
түріСабақ
  1   2   3

Бөлімі:

1А. Сандар мен цифрлар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

10 саны / Менің сыныбым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және10 санын оқу, жазу және салыстыру;
1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленгеннүктелердің бір-біріне қатыстыорналасуын анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:
Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсінеді, 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды.Бір таңбалі сандарды оқиды ,жазады, салыстырады,құрамыны анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды, цифр мен санды бір-бірімен ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен ( нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен) көрсете біледі. «+», «-», «<», «>» таңбаларын қолданады.

Тілдік мақсат



Он, қосу, азайту, тең, артық, кем Бір таңбалы сан. Екі таңбалы сан.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әліппе,бейнелеу

Бастапқы білім

0 саны және цифры

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту
0-3

Ынталандыру


Біз бүгінгі сабақта осыған дейін оқып-үйренген сандардан айырмашылығы бар, жаңа санмен танысамыз. Біз көп жаңа және пайдалыны білеміз.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Егер қоссақ екеуін
Болады неше саусақ?
Білім алушылар жұмбақ жауабын 10 саны деп табады.












4-6

Өзектендіру.
«Ия, жоқ» әдісі.
1. Бір аптада жеті күн бар. +
2. 7мен 2-нің қосындысы сегізге тең. –
3. Қоянның екі құлағы бар.+
4.2 мен 2-нің қосындысы беске тең. –
5. Үшбұрыштың екі бұрышы бар. –
6. Оқу жылы қыргүйектен басталады.+
7. Алтыбұрыштың алты бұрышы бар.+

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.






«Ия, жоқ» әдісі



7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

10 санынқалайалғанымыздытүсіндіріпбереаласыңба? Мұныкарточкаменмысалтүріндекөрсет.
Төртмысалқұрастыр (қосуға 2 мысалжәнеазайтуға 2 мысал).

Қосуға2 мысалжәнеазайтуға 2 мысал құрастырады.




Оқулық, дәптер.



Мағынаны тану
10-15

Жаңаны ашу.
–Осыған дейін оқып-үйренген сандардан 10 санының айырмашылығы неде? (Оны жазу үшін екі цифрды пайдаланды).
–Бұл сан – екітаңбалы, ал 0–9 сандары – біртаңбалы сандар.
–Олар неге бұлай аталады? (Оларды жазу үшін бір цифр пайдаланылды).
Цифр – санды жазуға арналған таңба.
Дәптердегі №1 тапсырманы орындау ұсынылады.
10 цифры қалай жазылатынын анықтап қара (баспа негіздегі дәптердегі жазу). «Он» санын жазу үшін бізге таныс екі цифрды пайдаланылады: 1 және 0.
Мұғалім 10 цифрын тақтада жазып көрсетеді.
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау ұсынылады.
Оқулықтағы суретке қара. Сөреде неше зат бар және 10-ға нешеуі жетпейтінін жаз.
Бұл – сыныптағы сөре. Онда мектеп құрал жабдықтары жиналған. Қара, не көрдің?
–Сөреде неше қайшы бар? (2)
–Олардың 10 болуы үшін неше қайшы қосу қажет?
–10 – бұл 2 және неше?
–Сөреде неше сызғыш бар? (1)
–Олардың саны10 болу үшін неше сызғыш қосу қажет? (9).
–10 – бұл 1 және неше?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дәптерде 10 цифрын жазуды орындайды.


Оқушылар сөредегі әрбір заттың санын анықтайды. Олардың әрқайсысы 10 болуы үшін неше заттан қою керектігін анықтайды.

Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері



15-20
Сергіту сәті

Жаңаны қолдану
Оқулықтағы №2 тапсырманы орындау.
Үлгіге қарап отырып, өз мысалдарын ұсынады және жазады.
3+7=10
7+3=10
10 – 3=7
10 – 7=3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет