Сабақтың тақырыбы §11. Дыбысты жазу және ойнату Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата13.04.2022
өлшемі28,69 Kb.
#30853
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3.Компьютер және дыбыстар (ортақ тақырып: «Уақыт»)



Мектеп: «Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебі»

Күні: 15.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Долдат Төленді

Сынып: 

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

§11. Дыбысты жазу және ойнату

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен пернетақты) ажырату;

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;

3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар дыбыстық ақпарат, дыбысты жазу, ойнату ұғымымен танысады. Сандық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін білуге дағдыланады. Енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор, принтер) ажырата біледі.

Көпшілік оқушылар дыбысты жазу, есту құрылғысымен танысады, дыбыс жазу программасының мүмкіндіктерімен танысады.

Кейбір оқушылар практикалық жұмыс жасау барысында дыбыс жазу программасын қолдану қызметтерін біледі.

Бағалау критерийі

Дыбыстық ақпарат, дыбысты жазу, ойнату ұғымымен біледі. Цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтай алады. Практика барысында компьютерлік программалармен жұмыс жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Лексика мен терминология: дыбысты жазу-запись-recording т.б.

Диалог және жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер.

Дыбысты жазу программасындағы сөздер мен тіркестермен танысу.



Құндылықтарға баулу

Сабақта жауапкершілік, айқындық, құрмет, ынтымақтастық. Бір-бірімен қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз пікірін ашық айтуға дағдылану.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиет, ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру. Мәтінді қалай пішімдеуге болады? Құжатты сақтағанда файлдың кеңейтілімі қандай болады?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Білу

Сабақтың ортасы

Түсіну

Қолдану

Сергіту жаттығуы


Талдау

Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ақ бет» әдісі бойынша ілініп тұрған ақ қағазға немесе ақ тақта бетіне осы сабаққа дейінгі алған білімдері бойынша кілт сөздер жазу.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпты ашады. Дыбысты енгізу және шығару құрылғыларына бөліп жіктейді.

Мұғалім толықтырып, сабақтың мақсатымен таныстырады. Колонка, дыбыс атауларымен топтастыру.



«Полечудес» негізінде топтық ойын, дыбыстар жасырылып оқушылар композицияның атын және жасанды және табиғи дыбыс екендігін табады.

  • Дыбыстың қандай түрлері бар?

  • Дыбысты жазу үшін қандай құрылғылар қажет?

  • Жазылған дыбысты қалай сақтаймыз?

  • Дыбыс файлының кеңейтілімі қандай?

Топтар бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.

Екі топқа «Ассоциация» әдісі арқылы берілген тапсырма бойынша топтастыру /топтық жұмыс/.

І-топ. Не себепті дыбыстар табиғи және жасанды болып бөлінеді?

ІІ-топ. Дыбыстарды жазғанда микрофон мен дыбыс колонкасы не үшін қажет?

Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды. /жеке жұмыс/



«Ауа райы» арқылы өзін-өзі бағалау.

Көзге арналған жаттығу жасау.

Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын қайталайды.

Құлаққап пен дыбыс колонкасы арқылы дыбыстар қалай естілетіндігін салыстыр /топтық жұмыс/

Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс жасайды.


Суреттер
Оқулық

(42-45-беттер)

Диск. 18-слайд

Ғаламтор

https://www.

youtube.com/

watch?v=


2g_Buoxzmc
Диск. 19-слайд

Суреттер


Сабақтың соңы

Жинақтау
Бағалау
Кері байланыс


Білгеніңді жинақтап жаз.

Оқушылар өздерін «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

«Көршіме айтамын» әдісі арқылы жұптар өзара ой бөліседі.

Қалай ойлайсың, дауысты тағы қандай құрылғыда жазуға болады? Табиғи дыбыстарды естуге арнайы құрылғы қажет пе?

Оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.

Балаң үйрек – маған түсініксіз болды.

Ортан терек – маған жеткілікті болмады.

Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім.

Кішкене бөбек – менің ұсынысым.



Үйге тапсырма: Оқулық (42-45-беттер)

§11. Дыбысты жазу және ойнату Оқулықтағы «Үйде орындайық» тапсырмасын орындау.

«5 саусақ әдісі»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет