Сабақтың тақырыбы: §20. Отынның жануы және энергияның бөлінуі Оқу мақсаты



бет1/2
Дата11.12.2022
өлшемі320,5 Kb.
#56435
түріСабақ
  1   2

Бекітілді:

Мұғалімнің аты-жөні:

Нұрлыбекова Мадина Нұрлыбекқызы

Пән/Сынып:

Химия, 8-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

VI тарау. Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу

Сабақтың тақырыбы:

§20. Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

Бағалау критериі:

  • заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіндіреді

  • парниктік эффекттің себептерін түсіндіреді және шешу жолдарын ұсынады

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Оқушы әрекеті

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлемдесу.Оқушылар QR карточкалары арқылы 2топқа бөлінеді.
Сыныптан Айналмалы дөңгелек әдісімен үй тапсырмасы сұралады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Оқушылар топқа бөлінеді.Өткен тақырыпты еске түсіреді.




Кристаллдармен бағаланады.

Презентация

8 минут


Жаңа сабақ

Жанғанда жылу бөлетін заттарды отын деп атайды.
Отын табиғи және жасанды отын деп екіге бөлінеді. Табиғи отын: Таза күйінде алынған: тас және қоңыр көмір, табиғи газдар, ағашкөмірі, жанғыш сланец, шымтезек.
Жасанды отын: Мұнай өнімдерінен алынған бензин, керосин, мазут жатады.
Барлық отындардың түрлері белгілі бір элементтерден, әртүрлі құрамда болады. Отын негізінен екі элемент топтарынан тұрады.
1.Бірінші топ элементтеріне жақсы
жанатын, жануды қолдайтындар кіреді. Олар: көміртек, сутек, күкірт, оттек.
2.Екінші топқа жанбайтын және жануды қолдамайтын азот элементі жатады.
С + O2 = СО2 + Q
СО2 + C = 2CO + Q
Агрегаттық күйіне байланысты:
қатты отындар: Тас көмірді ауаның қатысынсыз 1000-1100С –да өңдеу арқылы кокс алынады, оның құрамында 87% көміртек бар.
сұйық отындар: Мұнайда айдау тәсілі арқылы алатын бензинде болатын көмірсутектер.
газ күйіндегі отындар: Қатты отындарды генераторларда өңдегенде түзіледі.
Сутегі болашақтың өнімі:
Тиімділігі:

  • сутегі қалдақсыз жанады, зиянды

қосымша өнімдер түзілмейді

  • сутектің табиғи көзі су болғандықтан,

оны өндіру мүмкіндігі шексіз.
Қолданысқа енбеу себебі:

  • өндіру технологиясы бойынша суды

айыруға электр энергиясы көп жұмсалады.

  • сақтау тәсілі, оның үлкен көлем

алуында;

қоспасын түзуінде
Парниктік эффект жылулық газдардың әсерінен жылудың артуымен және қайтадан жан-жақа шағылысуымен сипатталады. Жылудың шағылысқан бөлігі жердің жоғары қабаты мен төменгі атмосферасына бағытталады.
Парниктік газдар әсері нәтижесінде ауаның орташа температурасы көтеріледі. Көмірқышқыл газы мен метанның шамадан тыс бөлінуі жер бетінде жылудың ұзақ тұруына әкеліп, парниктік эффектіні күшейтеді. Бұл жағдай климаттың жылынуына алып келеді.
Мәселені шешу жолдары:

  • Атмосфераға шығарылатын газдардың

мөлшерін экологиялық құрылғыларды қолдану арқылы төмендету, сонымен қатар фильтрлер мен катализатор қолдану;

  • Энергия көздерінің құрылымын өзгерту.

Балама энергия (күн, жел, су, топырақтың температурасы) үлесін арттыру. Энергетикалық ресурстар көздерінің қолданылуын азайту;

  • Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте

экологиялық таза және төмен көміртекті технологияларды қолдану;

  • Шикізатты қайта өңдеуді арттыру;

  • Ормандарды қалпына келтіру, орман

өрттерімен күресу, жасыл көшеттер ауданын ұлғайту;

Жаңа тақырыпты меңгеру







Презентация



9 минут





1 тапсырма
Отынның алыну жолдарына анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
Кестеге толтырыңыз.

түсінік

анықтама

мысалдар

табиғи отын







жасанды отын







Жауабы:

түсінік

анықтама

мысалдар

табиғи отын

табиғаттан сол күйінде алынған отындар



тас және қоңыр көмір, табиғи газдар, ағашкөмірі, жанғыш сланец, шымтезек



жасанды отын

мұнай өнімдерінен алынған отындар

бензин, керосин, мазут






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет